Жамбыл облысы Жамбыл ауданы №1 орта мектеп директоры Тлебалдиева Ақерке Молдаханқызы 11-сынып оқушыларымен дәріс өткізді. Дәріс барысында ол өз ісінің шебері болудың маңыздылығына тоқталып, бұл тек кәсіби біліктілік емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен адалдықтың көрінісі екенін атап өтті. Әр адам таңдаған кәсібін сүйіп, оның қыр-сырын жетік меңгерсе, ол тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де пайдалы тұлғаға айналатынын айтты. Ісіне берілген жан ғана өз ортасына үлгі бола алатынын жеткізді. Сонымен қатар, шеберлік – күнделікті еңбек пен үздіксіз ізденістің нәтижесі екенін ескертіп, қандай кәсіп иесі болсақ та, өз ісіміздің нағыз маманы болуы керек екенін баса айтты. Бұл – әр адам үшін мақтанышқа лайық қасиет екендігін айта келе , мектеп бітіруші түлектерге алдағы Үлкен өмір жолына сәттілік тіледі. Мақсаттар Шеберлік ұғымын түсіну Өз қабілетімізді тану Еңбекқорлық пен мақтаныш сезімін қалыптастыру Шеберлік қайдан басталады? Қызығушылықтан Еңбектен Сабыр мен табандылықтан Жаттығудан, қайта-қайта қайталаудан Мақтаныш сезімі Өз еңбегіңмен мақтану — дұрыс Кішіпейілділікпен шеберлікті көрсету — нағыз өнер Басқаларға үлгі болу Рефлексия Сұрақтар: Бүгін не үйрендім? Мен нені жақсы істей аламын? Қандай шеберлікке жеткім келеді? Қорытынды Әр адам — шебер бола алады Шеберлік — өмірдің кез келген саласында қажет Бүгінгі кішкентай әрекет — ертеңгі үлкен жетістік екенін білім алушылар өз ойларын да ортаға  
|