28
февраль
2019
Аудандық жас маман байқауы
Елбасының
Жолдауындағы Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары барысындағы жас педагогтардың
әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби
шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының
білім мекемелерінде бекіту және педагогтардың инновациялық белсенділіктерін
дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың 27 ақпаны күні «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың аудандық байқауы болып өтті. Байқауға мектебііздің жас маманы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Айгерім Аугамбаева қатысып жүлделі ІІІ орын иеленді. Байқау «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз»
тақырыбында эссе, оқушылармен ашық сабақ шығармашылық жұмыстарын (портфолиосы) сонымен «Шығармашылық жолдың бастамасы» (өз пәндерін таныстыру) сынды бөлімдерден тұрды. Байқаудың жас мамандарға берері көп болды.