"Қазақтың сыршыл Сәкені"
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қазақтың сыршыл Сәкені» тақырыбында, Бексұлтанова Шайзаданың жетекшілігімен 8 б сыныбында бір туар ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған , аты дүйім қазаққа мәлім Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты іс-шара өтілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның «Көкшетау», «Бурабай», тағы басқа да поэмалары мен дастандары жатқа айтылып , ақын шығармаларымен таныстырылды «Тау ішінде» өлеңі хормен орындалды.Сондай-ақ ақын өміріне байланысты деректі фильмдер мен слайд көрсетіліп, көрме қойылды.