Соңғы қоңырау 2024жыл » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау 2024жыл
25
май
2024

Соңғы қоңырау 2024жыл

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
 N1 мектебінде 2024 жылдың 25 мамырында «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітірушілер салтанатты жиыны жоғары деңгейде өткізілді.
📌Мерекелік іс- шараға жас түлектер белсене қатысып,  жүрекжарды тілектерін арнады. 
📌Мерекелік іс- шараға шақырылған құрметті қонақтар: 
   1.Аса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Искаков Бауыржан Қожалепесұлы.
2. Жамбыл ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Валиев Бауыржан Абдуллаұлы 
    3.Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің басшысы Байдалиев Асқар Маратұлы 
📌Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
💐2023-2024 оқу жылында N1 орта мектебінде білімімен оза шапқан, дарынымен дараланған  мектеп мақтаныштары  марапатталды.
Еңбектің наны тәтті,- дегендей жыл бойы өнегелі ісі мен мектептегі белсенділігі үшін алғысқа бөленіп жүрген жандарды және  оқу жылының қорытындылар тұсында қызметі бағаланып мектептің ықыласына бөленген ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қошеметпен ортаға шақырылып, марапатталды.
2004 жылы бітірген 20 жылдық  түлектер өздерінің алтын ұя мектебіне өз ұстаздарын құттықтауға келді. 
🔖 Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспіз. Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз.
#bilimim_otanyma
#_тәрбие