08
декабрь
2025
"Ертегі тыңдау"
"Балалар кітапханасы" аясында мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерімен кітапханада Ертегі тыңдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат балаға тәрбие ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрі- тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады.