№1 орта мектебінің директоры А.Тлебалдиеваның 2023-2024 оқу жылына сараптамалық есебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің «№1 орта мектебі» КММ-сінің директоры Тлебалдиева Акерке Молдахановна
САРАПТАМАЛЫҚ ЕСЕБІ (2 жылдық салыстырмалы)
1. Білім беру ұйымының материалдық жағдайы
Мекеме атауыЖамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің «№1 орта мектебі» КММ-сі шектелмеген мерзімге берілген №KZ51LAA00015773 (08.04.2019 жыл) лицензиясымен жұмыс жасайды.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. Медкабинетке медициналық қызмет көрсету бойынша лицензия №19002100 31.01.2019 жылы Жамбыл облысы денсаулық басқармасымен берілген.
Тамақтандыру объектісінің болуы. Асхана 120орынға арналған. Жалпы ауданы 64ш/м құрайды. №Н.11.Х.КZ27VWF00001709 26.02.2019ж. санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы алынған.
2.Педагогтардың сапалық құрамы. 2023-2024 оқу жылында мектепте 92 мұғалім қызмет атқарады, оның ішінде жоғары білімді мамандар -88, арнаулы орта біліммен -4 педагогтар жұмыс істейді.
Біліктілік санаттары бойынша: жоғары санат – 1, педагог-зерттеуші -15, педагог –сарапшы – 36, педагог-модератор – 19, педагог – 2, санаты жоқ – 19. Жоғарғы мен педагог – зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдердің үлесі – 56,5 %-ды құрайды. Мектебімізде магистр ғылыми дәрежесі бар мұғалімдердің саны – 3.
Педагогтардың біліктілікті жетілдіруі. Педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша үш жылдық салыстырмалы өзгерісі бойынша Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамында56 педагог біліктілігін арттырса, 25 педагог Ғылым және жоғары білім министрлігі М.Х. Дулати атындағы тараз өңірлік университеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығынада біліктілігін арттырған, «Педагогикалық шеберлік орталығында» 11 педагог біліктілігін арттырды..
Педагогтардың жетістіктері.
Кәсіби жарыстар нәтижесі.
№ | Оқу жылы | Аудандық | Облыстық | Республикалық | Барлығы |
1 | 2022-2023 | 3 | 2 | 2 | 7 |
2 | 2023-2024 | 4 | 3 | 27 | 34 |
Айырмасы | 1 | 1 | 25 | 27 |
2023-2024 оқу жылында озат тәжірибе тарату
№ | Тақырыбы | Озат тәжірибе тарату формасы | Өткізілу мерзімі | Орындалуы туралы белгі |
«Оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» «Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері : жаңаша көзқарас пен парадигмалар» «Үздіксіз білім беру тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі» «Жаңашыл ұстаз-заман талабы» «Оқу мақсаттары мен әдіс – тәсілдер сабақтастығы арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» | Семинар Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында жас мамандармен әдіс тәсілдер бөлісу алаңы Семинар | 13.03.2024ж 08.02.2024ж 22.01.2024ж 18.03.2024ж | Алғыс хат Диплом Диплом Алғыс хат Алғыс хат |
3.Оқушы контингенті. 2023-2024 оқу жылында 886 оқушы, 41 сынып комплект құрады.
Білім сапасының салыстырмалы мониторингі 2022-2023 оқу жылында 59% құраса, 2023-2024 оқу жылында 60% құрады. Білім сапасы 1% өскен. Үздік аттестат және алтын белгі санын екі жылдық салыстыру. 2022-2023 оқу жылында 9-сыныпта үздік аттестат иегерлері-6, 11-сыныпта үздік аттестат иегерлері-8. 2023-2024 оқу жылында 9-сыныпта үздік аттестат иегерлері-6, 11-сыныпта үздік аттестат иегерлері-4. 11-сыныпта 4 оқушыға кеміген.
2022-2023 оқу жылында 40 бітіруші түлектің 21 ЖОО, 1-еуі колледжге түсіп грант иегері атанған. Пайыздық көрсеткіші-55%
2022-2023 оқу жылында ҰБТ-ның орташа баллы-82 болды.
Пәндік олимпиадалар
№ | Оқу жылы | Аудандық | Облыстық | Республикалық | Барлығы |
1 | 2022-2023 | 32 | 1 | - | 33 |
2 | 2023-2024 | 41 | 5 | 4 | 50 |
Айырмасы | 9 | 6 | 5 | 17 |
Ғылыми жоба
№ | Оқу жылы | Аудандық | Облыстық | Республикалық | Барлығы |
1 | 2022-2023 | 1 | - | - | 1 |
2 | 2023-2024 | 3 | 1 | - | 4 |
Айырмасы | 2 | 1 | - | 3 |
Оқушылардыңбасқа да олимпиадалар мен байқауларғақатысуы
№ | Іс-шара мазмұны | 2022-2023 | 2023-2024 | айырмасы |
1 | «Дарын» РҒПО олимпиадалары мен байқауларда | 89 | 105 | 16 |
2 | Өнер конкурстары | 3 | 5 | 2 |
3 | Спорттық жарыстар | 18 | 23 | 5 |
4 | Мәнерлеп оқулары | 2 | 4 | 1 |
Қорытынды: Биылғы оқу жылында оқушыларымыздың пәндік олимпиадалардың аудандық кезеңіне көптеп қатысып, көптеген орындар иеленгенімен облыстық кезеңге тек бір оқушымыз ғана жолдама алды. Қашықтық олимпиадаларға қатысу дәрежесі былтырғы оқу жылымен салыстырғанда өсу деңгейі байқалады. Республикалық «Мың бала» зияткерлік олимпиадасының шешуші кезеңінен 4 оқушымыз жеңімпаз атанып, соның екеуі "Білім-инновация" лицейіне түсті.