5-сынып оқушыларының жаңа оқу жылына бейімделулеріне арналған ата-аналарға кеңестер » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 5-сынып оқушыларының жаңа оқу жылына бейімделулеріне арналған ата-аналарға кеңестер
30
сентябрь
2020

5-сынып оқушыларының жаңа оқу жылына бейімделулеріне арналған ата-аналарға кеңестер

5-сынып оқушыларының жаңа оқу жағдайларына бейімделуіне арналған мектептептегі психологиялық қызметтің ата-аналарға арналған кеңестері.
Мақсаты: оқушылардың 5-сыныпқа бейімделу кезінде кездесетін психологиялық және физиологиялық мәселелер. Ата-аналарды бейімделу мәселесінің күрделілігіне назар аударту.
Туындайтын мәселелер:
  • әртүрлі мұғалімдердің көптігі
  • үйреншікті емес сабақ кестесі
  • жаңа сынып жетекшісі
  • жұмыс қарқынының өсуі
  • қашықтықтан оқу
  • педагогтардың жеке талаптарының әртүрлілігі
  • мәтінмен жұмыс істеудегі өздік жұмыс жасау дағдыларының қалыптаспауы.
Балаға қалай көмектесуге болады?
  • міндетті түрде сыныптастарымен танысып,қарым-қатынас орнатуға жағдай туғызу
  • басқа адамдардың көзінше(ата,апа,құрбы-құрдастар)баланы сынауға,қорқытуға,т.с.с болмайды
  • бейімделу кезіндегі баланың жеке ерекшеліктерін ескеру(темперамент). Баяу және қарым-қатынасқа аз түсетін балалардың үйренуін ескеру
  • балаға оқу іс-әрекетінде өздік жұмыс жасауға жағдай туғызып,орынды бақылауды ұйымдастыру
  • баланы мақтағанда, оның оқу жетістіктерімен қосапсихологиялық қолдау жасаңыз
  • баланың бейімделуінде ата-ананың негізгі көмекшілері: шыдамдылық пен түсінушілік
  • жанұяда балаңызға қолайлы, мейірімді ахуал жасаңыздар.
Сәтті бейімделудің белгілері:
  • баланың қашықтықтан оқу үрдісімен қанағат болуы
  • оқу бағдарламасын жеңіл меңгеруі
  • өз бетімен тапсырмаларды орындауы. Тек қатты қиналғанда ғана үлкен адамдардың көмегіне жүгінуі
  • сыныптастар мен мұғалімдердің қарым-қатынасымен қанағаттануы.