«Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында өткен оқыту семинары » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында өткен оқыту семинары
16
ноябрь
2018

«Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында өткен оқыту семинары

«Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында өткен оқыту семинары
[center]
2017 жылдың 11 қыркүйегі күні мектепішілік «Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас» тақырыбында 1-2, 5,7 сынып мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтілді.

Семинардың басты мақсаты 1-2,5,7 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету болды. Семинар 2 бөлімнен тұрды: бірінші теориялық бөлім, екінші бөлім –сұрақ-жауап бөлімі. Семинарға сабақ беретін пән мұғалімдері, сынып жетекшілері қатыстырылды. Семинар барысында теориялық бөлімде мектеп директоры Б.Валиев Қазақсан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу бойынша кіріспе сөз сөйледі. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісі М.Айтуарова критериалды бағалауға арналған құжаттармен таныстырып, сол бойынша түсінік берді. Мектеп директорының оқу-ісі бойынша орынбасары Т.Кушеков тоқсандық, жиынтық бағалау бойынша қосымша мәліметтер берді. Мектеп директорының әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Х.Жаманбаева мұғалімдерді сабақты жаңаша жоспарлау үлгісімен, талаптарымен таныстырды. Семинардың екінші бөлімінде мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Қойылған сұрақтар сабақты жоспарлауға, бөлім бойынша алынатын жиынтық бағалауға, қойылатын балл жүйесіне қатысты болды. Семинар соңында пән мұғалімдеріне қажетті құжаттар мен интернет ресурстардың сайттары ұсынылды.

Похожие публикации:

27 сентябрь 2017 Мектеп тарихы