«Еңбек тәрбиесі бастан,еңбекке баулу жастан», «Ата-ананың жұмыс орнына бір күндік саяхат»
«Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында Мемлекеттің ,қоғамның дамуы үшін еңбекті,өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалай білуге үйрету мақсатында «Еңбек тәрбиесі бастан,еңбекке баулу жастан», «Ата-ананың жұмыс орнына бір күндік саяхат» |
2025 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, №1 орта мектебінде «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар бүгіні мен болашағы» айлығы аясында және «Еңбегі адал — жас өрен» жобасы шеңберінде мемлекеттің, қоғамның дамуы үшін еңбекті, өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалай білуге үйрету мақсатында «Еңбек тәрбиесі бастан, еңбекке баулу жастан», «Ата-ананың жұмыс орнына бір күндік саяхат» тақырыптарында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өзгенің еңбегін бағалауды үйрету мақсатында 5-6-сынып білім алушылары арасында бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 5 "А" сынып білім алушысы Тұрысбай Жансерік І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар дипломдармен, ал олардың ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. ![]() |