КӘСІПТІ НӘСІП ЕТКЕН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ
КӘСІПТІ НӘСІП ЕТКЕН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ
Тігіншілік – қол мен қиялдың жемісі. Осы бір көркем де күрделі өнер түрінің шығармашылық және кәсіпкерлік қырларын тереңірек тану мақсатында Ю.Гагарин, №1, №2 орта мектептері және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының кәсіби бағдар беруші педагогтарының ұйымдастыруымен «Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға тігін ісінің хас шеберлері:
- Балтураева Жадыра Садыкбайқызы,
- Багысова Раушан Қуанышбаевна,
- Атабаева Нүргүл Сұлтанмахмұтқызы,
- Мырзахметова Нұржамал қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар:
- Тігіншілік саласындағы дәстүрлі және заманауи әдістерді,
- Қазіргі жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін,
- Жеке кәсіп бастаудағы тәжірибе мен кеңестерді жан-жақты талқылады.
Шеберлер ұлттық өнердің бір бөлігі — құрақ көрпенің жасалу жолдарын, оның эстетикалық маңызын және кәсіп көзіне айналдыру мүмкіндіктерін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, нағыз кәсіпкердің бір күндік жұмыс тәртібі мен кәсібін дамытудың жолдарын ашық айтып, қатысушылардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
Құрақ көрпе – ата-бабамыздан қалған мұра, әсемдік пен еңбектің символы.
Тігіншілік арқылы табысқа жетіп жүрген нәзік жандылардың тәжірибесі оқушылар үшін үлкен мотивация мен бағыт-бағдар болары сөзсіз.
https://www.facebook.com/share/v/1SjHbeUhto/