Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі №1 орта мектеп Кәсіби бағдар беру бағытында enbek.kz порталымен жұмыс жасау жолдары туралы 11-сынып білім алушыларын ақпараттандыру
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Кәсіби бағдар беру бағытында enbek.kz порталымен жұмыс жасау жолдары туралы 11-сынып білім алушыларын ақпараттандыру Мақсаты: Іс-шара барысында Жамбыл аудандық Мансап орталығының маманы Қалиева Ғалия Карибайқызы 11-сынып білім алушыларына https://www.enbek.kz/k порталының қызметін таныстырып, ондағы жұмыс іздеу құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, жаңадан диплом алып шыққан жас мамандардың Жұмыспен қамту орталығына қалай тіркелу қажет екені жөнінде толық әрі нақты ақпарат берілді. Оқушылар enbek.kz порталының мүмкіндіктерін түсініп, бұл жүйенің жұмыс іздеушілер үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынды. Олар портал арқылы кімдердің жұмыс іздей алатынын, қандай қызметтер мен қолдаулардың бар екенін нақты білді.
|