Сш им 30 лет Поб. http://30-zhenis.mektebi.kz/ ru Сш им 30 лет Поб. DataLife Engine №1 орта мектебі директоры – А.М.Тлебалдиеваның баяндамасы http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/741-1-orta-mekteb-direktory-amtlebaldievany-bajandamasy.html http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/741-1-orta-mekteb-direktory-amtlebaldievany-bajandamasy.html №1 орта мектебі директоры – А.М.Тлебалдиеваның  баяндамасы 

]]>










]]>
admin Tue, 02 Jun 2026 14:09:32 +0600
Гимназия сыныптарындағы 2025–2026 оқу жылының білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, пәндер мен сыныптар бойынша білім сапасының динамикасын саралау және оқыту процесінің тиімділігін бағалау. http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/739-gimnazija-synyptarynday-20252026-ou-zhylyny-blm-alushylardy-ou-zhetstktern-degejn-anytau-pnder-men-synyptar-bojynsha-blm-sapasyny-dinamikasyn-saralau-zhne-oytu-procesn-timdlgn-baalau.html http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/739-gimnazija-synyptarynday-20252026-ou-zhylyny-blm-alushylardy-ou-zhetstktern-degejn-anytau-pnder-men-synyptar-bojynsha-blm-sapasyny-dinamikasyn-saralau-zhne-oytu-procesn-timdlgn-baalau.html Гимназия сыныптарындағы 2025–2026 оқу жылының  білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, пәндер мен сыныптар бойынша білім сапасының динамикасын саралау және оқыту процесінің тиімділігін бағалау.]]> 2025–2026 оқу жылында гимназия сыныптарында (1а, 1ә – бағаланбайды, 2а, 2ә, 3а, 3ә, 4а, 4ә, 5а, 5ә, 6а, 6ә, 7а, 7ә) барлығы 502 оқушы білім алуда. Гимназия сыныптарының жалпы білім сапасы 76%-ды құрап, 3-тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға артты (73%-дан 76%-ға). Ең жоғары көрсеткіштер 3а (87%), 5а (85%), 2а, 4а және 4ә (84%) сыныптарында байқалды. Жалпы оң динамика барлық дерлік сыныптарда сақталған.

Пәндер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде келесі қорытындылар анықталды:

Математика пәні бойынша бастауыш буында жалпы білім сапасы 82%-дан 89%-ға дейін көтерілді. Әсіресе 2а, 3ә және 4а сыныптарында өсім байқалды. Орта буында жалпы көрсеткіш 75%-дан 76%-ға өсті. 6ә сыныбында білім сапасы 80%-ға жетіп, ең жоғары өсімнің бірі тіркелді.

Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныптарда жалпы білім сапасы 88%-ды құрады (+3%). 2а сыныбында білім сапасы 100%-ға жетті. Орта буында жалпы көрсеткіш 79%-ды құрап, 5ә (+10%) және 6ә (+5%) сыныптарында айтарлықтай өсім байқалды.

Әдебиеттік оқу және қазақ әдебиеті пәндері бойынша жалпы оң нәтиже сақталды. Әдебиеттік оқуда жалпы көрсеткіш 90%-ды құрады. Қазақ әдебиеті пәнінен 5ә (+11%), 6ә (+10%) және 7а (+6%) сыныптарында оң динамика байқалды. 

Орыс тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бастауыш буында жалпы көрсеткіш 85%-ды құрап, 3%-ға артты. Орта буында жалпы білім сапасы 81%-ға жетті. 7а сыныбында (+6%) және 5ә, 6ә сыныптарында (+5%) оң өзгерістер байқалды. 

Ағылшын тілі пәні бойынша бастауыш буында білім сапасы 89%-ға жетіп, 4%-ға артты. Орта буында жалпы көрсеткіш 83%-ды құрады. 7ә сыныбында білім сапасы 91%-ға жетіп, ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті.

Жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша бастауыш сыныптарда білім сапасы өте жоғары деңгейде қалыптасты. Жаратылыстанудан жалпы көрсеткіш 95%, дүниетанудан 94% болды. 

Қазақстан тарихы пәні бойынша жалпы білім сапасы 80% деңгейінде сақталды. 6ә сыныбында оң өсім байқалса (+10%), 5ә сыныбында 4%-дық төмендеу тіркелді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:

•        Алгебра – 73%;

•        Геометрия – 74%;

•        География – 82%;

•        Физика – 75%;

•        Биология – 82,5%;

•        Химия – 77,5%;

•        Информатика – 91%.

Информатика пәнінен 7а сыныбында білім сапасы 76%-дан 100%-ға дейін көтеріліп, ең жоғары өсім (+24%) тіркелді. Бұл көрсеткіштердің төмендеуі білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелі жүргізілгенін көрсетеді. Дегенмен жекелеген оқушылар бойынша жеке қолдау жұмыстарын жалғастыру қажет.

]]>
admin Fri, 29 May 2026 12:12:38 +0600
2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/738-20252026-ou-zhylynday-ylymi-dstemelk-zhmys-orytyndysy.html http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/738-20252026-ou-zhylynday-ylymi-dstemelk-zhmys-orytyndysy.html 2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы

]]>
2025–2026 оқу жылында мектеп ұжымы «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» тақырыбында жұмыс жүргізді.

Мектепте 110 педагог қызмет атқарды. Оның 106-сы жоғары білімді. Аттестаттау қорытындысы бойынша педагогтердің сапалық құрамы 65%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу байқалды. Биыл педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 37, педагог-сарапшы – 33, педагог-модератор – 37 мұғалім қызмет атқарды.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс 8 бағыт бойынша ұйымдастырылып, барлық пән бірлестіктері жоспарға сәйкес айлықтар, ашық сабақтар, семинарлар мен коучингтер өткізді. 30 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтіп, 60 педагог онлайн курстарға қатысты.

Жас мамандармен жүйелі жұмыс жүргізіліп, тәлімгерлік қолдау көрсетілді. «Жас маман – 2026» байқауында физика пәні мұғалімі Сабыр Жанерке аудандық кезеңде ІІ орын иеленді.

Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 39 оқушы жүлдегер атанып, облыстық кезеңде 2 оқушы жүлделі орын иеленді. Ғылыми жобалар, шығармашылық және спорттық жарыстарда да оқушылар мектеп мерейін арттырды.

Жалпы оқу жылы қорытындысы мектептің білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылғанын көрсетті.

]]>
admin Fri, 29 May 2026 12:12:01 +0600
ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының қорытындысы http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/737-v-tosan-zhne-20252026-ou-zhylyny-orytyndysy.html http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/737-v-tosan-zhne-20252026-ou-zhylyny-orytyndysy.html ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының қорытындысы]]>

2025–2026 оқу жылында мектепте барлығы 861 білім алушы білім алды. Оның ішінде 2–11 сыныптарда 788 білім алушы оқыды. ІV тоқсан қорытындысы бойынша барлық сыныптарда үлгерім көрсеткіші 100%-ды құрады.

Бастауыш сыныптарда (1–4 сыныптар) 311 білім алушы білім алды. Бастауыш буын бойынша білім сапасы 74,37%-ды құрады. 2–4 сыныптарда оқу бағдарламасын толық меңгерген 72 үздік білім алушы мақтау қағазымен марапаттауға ұсынылды. Барлық бастауыш сынып оқушылары келесі сыныпқа көшірілуге ұсынылды.

5–8 және 10-сынып білім алушылары «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттауға жіберілді. Сонымен қатар 9-сынып оқушылары қорытынды бітіру емтихандарына, 11-сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберілді. Бітіруші сыныптардың құжаттары толық зерделеніп, емтиханға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Жылдық қорытынды бойынша мектептің білім сапасы тұрақты деңгейде сақталып, оқу бағдарламалары толық орындалды.

]]>
admin Fri, 29 May 2026 12:09:38 +0600
2025 - 2026 оқу жылына мектеп директоры А Тлебалдиеваның есебі http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/740-2025-2026-ou-zhylyna-mektep-direktory-a-tlebaldievany-eseb.html http://30-zhenis.mektebi.kz/zn-z-baalau/740-2025-2026-ou-zhylyna-mektep-direktory-a-tlebaldievany-eseb.html 2025 - 2026 оқу жылына мектеп директоры А Тлебалдиеваның есебі
]]>







]]>
admin Tue, 26 May 2026 12:15:21 +0600
«Ауыл мектебінің сапа алаңындағы орны мен болашағы» http://30-zhenis.mektebi.kz/demeush-tlek/736-auyl-mektebn-sapa-alaynday-orny-men-bolashay.html http://30-zhenis.mektebi.kz/demeush-tlek/736-auyl-mektebn-sapa-alaynday-orny-men-bolashay.html Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «№1 тірек мектебі» (ресурстық орталық) директоры Тлебалдиева Акерке Молдахановна.


«Ауыл мектебінің сапа алаңындағы орны мен болашағы»
]]>
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «№1 тірек мектебі» (ресурстық орталық) директоры Тлебалдиева Акерке Молдахановна

«Ауыл мектебінің сапа алаңындағы орны мен болашағы»

Бірінші таңда елімізде білім беру сапасын арттыру, барлық оқушыларға тең мүмкіндіктер ұсыну-басты міндеттердің бірі. Бұл орайда, ауыл мектептерінің орны ерекше. Ауыл мектебі-тек білім ордасы ғана емес, ауылдың рухани-мәдени тірегі, келешек ұрпақтың тәрбиеленетін алтын ұясы.

Ауыл мектебінің әлеуеті зор. Мұндағы оқушылар табиғатпен етене жақын өседі, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді бойларына сіңіріп, патирот рухта тәрбиеленеді. Алайда, ауыл мектептері қала мектептерімен салыстырғанда кей жағдайда материалдық-техникалық жабдықталуы мен кадрлық қамтылу жағынан әлсіздеу. Осы мәселелерді шешу арқылы ғана ауыл мектептерін сапа алаңына айналдыруға болады.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою мақсатында ауыл мектептерін жаңартуға бағытталған бағдарламалар, жобалар жүзеге асуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қолдауымен елімізде

2022 жылдан бастап «Қазақстан Халқына» қоры есебінен «Білім беру сапасын тұрақты дамыту» қоры арқылы ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын дамыту мақсатында 250 миллион теңге бөлініп, мектептегі әрбір оқу кабинеттері жаңа үлгідегі техникалық құралдармен жабдықталуда.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы, «№1 тірек мектебі» (ресурстық орталық)  «Қазақстан Халқына» Қоры, «Білім беру сапасын тұрақты дамыту» қоры және НЗМ ДББҰ бірлескен «Ауылдық аймақтарды тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысуда.

Осы жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы: атап айтқанда, психолог, мектепке дейінгі дайындық, 8 бастауыш сынып, физика, химия, биология, информатика, робототехника кабинеттері, қыздар, ұлдар шеберханалары,     ART –студия, телестудия, шахмат кабинеті,  STEM зертханасы, кітапхана және музыка, спорт жабдықтарымен барлығы 27 кабинет заманауи жабдықталды. 

1975 жылы пайдалануға  800 балаға арналған мектепте қазіргі таңда 864 оқушыға 96 мұғалім  білім беруде.

Ауыл мектебінің  сапасы-ең алдымен білікті ұстазға байланысты. Сапалық құрам 57 %  құрайды. Мектебіміздің 1 шебер, 18 зерттеуші, 36 сарапшы ұстаздар және модератор, педагог, жас мамандар НЗМ ДББҰ ұйымдастырған оқытудың жаңа әдістері бойынша арнайы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына мен тәжірибе алмасы алаңдарына, интенсивке, семинар, түрлі іс-шарларға қатысуда. Бұл сапалы білім берудің кепілі болып табылады. 

2024 жылдың қазан айынан басталған оқыту курстарына Түркістан, Шымкент, Ленгер, Астана, Аягөз, Тараз қалаларына барып, мектеп ұстаздары кәсіби шеберлігін шыңдады. 

«Тірек мектебі» қызметінің басым бағыттары:

  1. Білім алушылар, педагогтер және ауыл мектептерінің әкімшілігіне

қашықтан оқыту жүйесі қолжетімді болады. Педагогтер платформада өздігінен жұмыс жасауға, қашықтан сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге икемделеді;

  1. Ауылдық ШЖМ педагогтеріне ғылыми-зерттеу және оқу

әдістемелік қолдау көрсетіледі;

  1. Білім беру процесіне барлық қатысушылардың жеке тұлғалық өсуін

қамтамасыз ететін жағдайлар жасалады;

  1. Шағын жинақты мектеп жағдайында инклюзивті оқыту мен

интеллектуалдық қабілеттер дамиды.

«Тірек мектебі» қызметі екі кезеңде жүзеге асырылды:

ұйымдастырушылық және практикалық.

Бірінші кезеңде:

2025 жылдың ақпан айынан бастап  «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жобасы аясында төрт шағын жеке мектептер атап айтқанда Құмтиын ауылындағы №2, Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы, Тоғызтарау ауылындағы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектептер және Жаңаөткел ауылындағы Александр Матросов атындағы негізгі мектеп кіріктірілді.           

Аталған мектептердегі 303 оқушы 23 сынып комплектісінде ақпан-мамыр аралығында қашықтықтан онлайн білім алуда.

  • Сабақты қашықтықтан өткізетін педагогтер іріктелді.
  • Бірыңғай келісілген сабақ кестесі құрылды.
  • Бірыңғай оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылды.
  • 5-11 сыныптарда   «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша білім сапасына мониторинг жүргізілді.
  • Аудандық білім бөлімі мен білім басқармасы әдіскерлері, мектеп әкімшілігі қашықтықтан өткізілетін сабақтарға бақылау жүргізілуде.
  • Қашықтықтан оқыту кезінде жаңа материалдық-техникалық база сабақ процесінің сапалы өткізілуіне, оқушылардың білімі мен шығармашылық қабілетінің артуына өз ықпалын тигізді. 

Қазіргі қысқа уақыттың өзінде оқушылар ғылым мен өнерде, спорт пен

технологияда биік жетістіктерге жетіп, Республикалық, Халықаралық олимпиада мен байқауларға қатысып топ жаруда: атап айтқанда 2025 жылдың қаңтар айында Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы FIRST Championship ұйымдастыруымен өткен чемпионатқа «Жас инженерлер» командасы қатысты.

Бұл оқушылардың STEM пәндеріне қызығушылығын арттырып, нақты өмірлік мәселелерді шешу қабілеттерін дамытуға көмектесті. 2025 жылы Алматы қаласында 21-23 ақпан күндері Қазақстанда өткен Халықаралық чемпионатында мектебіміздің командасы «Жарық Жұлдыздар» номинациясымен марапатталды.  Облыстық «Eco-Science» ғылыми жобалар байқауында 9-сынып оқушысы Нұрлан Арсен 2-орын иеленді. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті және «KazRoboticz» спорттық және оқу робототехникасы Қазақстандық Федерациясының ұйымдастырумен VII облыстық чемпионатында 9-сынып оқушысы Бектас Олжас 2- иегері атанды.


Мамыр айында телестудия кабинетінен «Мектеп-Медиа-Жамбыл» орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты кештің қонақтары «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна»  қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызы,Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Досымбекова Мақпал Сатыбалдықызы,білім бөлімінің басшысы Абдирасилова Зауре Садуақасқызы,Қазақстан журналистер одағының мүшесі Маханбеткулов Сансызбай Бертайұлы және мектеп директорлары мен мектеп медиа жауапты орынбасарлары,білім алушылар.Ашылу салтанатында «QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы мен Қазақстан журналистер одағының мүшесі Маханбеткулов Сансызбай Бертайұлы, қызыл лентаны қиып, телестудия жұмысына батасын берді.


Бұл орталықтың мақсаты: 

•        Медиа сауатты, сыни ойлай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.

•        Ақпаратпен қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуге үйрету.

•        Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу.                                                                                                                                           Қонақтар «МЕКТЕП-МЕДИА-JAMBYL» орталығының ресми ашылуын білдіретін қызыл лентаны қию рәсімін орындап,орталықпен танысты. құрметті қонағымыз Сәуле Мешітбайқызынан алғашқы сұхбатын алды. Медиа орталығының жұмысын жүргізу туралы спикерлер Алма Елеубайқызы, Талант Амантайұлы таныстырып   өтті. 

Бұл іс-шарада біздің жас болашақ журналист-жүргізушіміз, Ұланбасы 

9 сынып білім алушысы Талғатқызы Еркежан алғашқы сұхбатын алып, түсірілім түсірді, яғни оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық дағдылары шыңдалды.

Мектебіміздің «Mektep Media Jambyl» арнасы «Youtube» каналына ресми тіркелген. Қазіргі таңда  4,8 жазылушысы бар, 1,1 мыңдай әр түрлі бейнебаян салынған.

Қорыта айтқанда, Республикалық  «Ауыл мектебі -сапа алаңы» жобасы өңірлердегі ауыл мектеп оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жоба.                               

]]>
admin Tue, 26 May 2026 11:54:48 +0600
Ыстық тамақ мәзірі http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/732-ysty-tama-mzr.html http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/732-ysty-tama-mzr.html ]]> ]]> admin Mon, 18 May 2026 11:30:32 +0600 Ыстық тамақ мәзірі http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/731-ysty-tama-mzr.html http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/731-ysty-tama-mzr.html ]]> ]]> admin Mon, 18 May 2026 11:30:09 +0600 "Менің отбасым" тақырыбында әңгіме құрастыру. http://30-zhenis.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/735-men-otbasym-tayrybynda-gme-rastyru.html http://30-zhenis.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/735-men-otbasym-tayrybynda-gme-rastyru.html "Менің отбасым"  тақырыбында әңгіме құрастыру. ]]> Мақсаты: сөздік қорды дамыту ойындарын ойнату,  сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

]]>
admin Fri, 15 May 2026 12:02:26 +0600
Ыстық тамақ мәзірі http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/730-ysty-tama-mzr.html http://30-zhenis.mektebi.kz/pitanie/730-ysty-tama-mzr.html ]]> ]]> admin Tue, 12 May 2026 10:00:56 +0600