Гимназия сыныптарындағы 2025–2026 оқу жылының білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау, пәндер мен сыныптар бойынша білім сапасының динамикасын саралау және оқыту процесінің тиімділігін бағалау.
2025–2026 оқу жылында гимназия сыныптарында (1а, 1ә – бағаланбайды, 2а, 2ә, 3а, 3ә, 4а, 4ә, 5а, 5ә, 6а, 6ә, 7а, 7ә) барлығы 502 оқушы білім алуда. Гимназия сыныптарының жалпы білім сапасы 76%-ды құрап, 3-тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға артты (73%-дан 76%-ға). Ең жоғары көрсеткіштер 3а (87%), 5а (85%), 2а, 4а және 4ә (84%) сыныптарында байқалды. Жалпы оң динамика барлық дерлік сыныптарда сақталған.
Пәндер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде келесі қорытындылар анықталды:
Математика пәні бойынша бастауыш буында жалпы білім сапасы 82%-дан 89%-ға дейін көтерілді. Әсіресе 2а, 3ә және 4а сыныптарында өсім байқалды. Орта буында жалпы көрсеткіш 75%-дан 76%-ға өсті. 6ә сыныбында білім сапасы 80%-ға жетіп, ең жоғары өсімнің бірі тіркелді.
Қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныптарда жалпы білім сапасы 88%-ды құрады (+3%). 2а сыныбында білім сапасы 100%-ға жетті. Орта буында жалпы көрсеткіш 79%-ды құрап, 5ә (+10%) және 6ә (+5%) сыныптарында айтарлықтай өсім байқалды.
Әдебиеттік оқу және қазақ әдебиеті пәндері бойынша жалпы оң нәтиже сақталды. Әдебиеттік оқуда жалпы көрсеткіш 90%-ды құрады. Қазақ әдебиеті пәнінен 5ә (+11%), 6ә (+10%) және 7а (+6%) сыныптарында оң динамика байқалды.
Орыс тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бастауыш буында жалпы көрсеткіш 85%-ды құрап, 3%-ға артты. Орта буында жалпы білім сапасы 81%-ға жетті. 7а сыныбында (+6%) және 5ә, 6ә сыныптарында (+5%) оң өзгерістер байқалды.
Ағылшын тілі пәні бойынша бастауыш буында білім сапасы 89%-ға жетіп, 4%-ға артты. Орта буында жалпы көрсеткіш 83%-ды құрады. 7ә сыныбында білім сапасы 91%-ға жетіп, ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті.
Жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша бастауыш сыныптарда білім сапасы өте жоғары деңгейде қалыптасты. Жаратылыстанудан жалпы көрсеткіш 95%, дүниетанудан 94% болды.
Қазақстан тарихы пәні бойынша жалпы білім сапасы 80% деңгейінде сақталды. 6ә сыныбында оң өсім байқалса (+10%), 5ә сыныбында 4%-дық төмендеу тіркелді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:
• Алгебра – 73%;
• Геометрия – 74%;
• География – 82%;
• Физика – 75%;
• Биология – 82,5%;
• Химия – 77,5%;
• Информатика – 91%.
Информатика пәнінен 7а сыныбында білім сапасы 76%-дан 100%-ға дейін көтеріліп, ең жоғары өсім (+24%) тіркелді. Бұл көрсеткіштердің төмендеуі білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелі жүргізілгенін көрсетеді. Дегенмен жекелеген оқушылар бойынша жеке қолдау жұмыстарын жалғастыру қажет.