26
апрель
2024
"Оқуға құштар" жобасы
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Cол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
23 - сәуір Дүниежүзілік кітап күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында іс- шараларға қатысып, белсенділік танытқан оқырмандар марапатталды. Мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,оқу мәдениетін қалыптастыру,көркем шығармаларды насихаттау,кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
Кітап оқу мәдениеті жанданып жатқан аталмыш күн кітапсүйер қауымның басты назарында. Осы ретте, оқырман мен кітаптың басын қосып тарихи игілікті заманауи үлгіде жалғастырып жатқан кітапханалар - зор үлескер.
Кітапханашылар кітапханада кітап оқып көруге жасалған мүмкіндіктердің бар екенін, жағдайдан бөлек қажетті кітаптардың оңай табылатынын алға тартып, кітап айналасындағы даму шараларды одан әрі іске асыратындықтарын жеткізді.
#оқуғақұштармектеп
#кітапоқы