02
ноябрь
2023
"20 минут оқу"
"Балалар кітапханасы" тұжырымдамасы мен "Оқуға құштар мектеп" жобалары аясында "20 минут оқу" атты дауыстап оқуға уақыт бөлу іс-шарасы өтті.Іс-шараның мақсаты балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, танымдық-мәдени дамуына жол ашу, рухани мұраны сақтау ана тіліне деген құрметті дамыту. 7Ә сынып білім алушыларына М.Мағауинның "Көкбалағы", М.Байғұттың "Ауыл әңгімелері" т.б шығармалар оқуға берілді. Оқырмандар оқыған кітаптары бойынша ой-пікірлерімен бөлісті..