07
февраль
2019
Оқушылар шығармашылығы
Бүгін мектебімізде 8-10 сыныптар арасында "XXI ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын мақсаты оқушылардың логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін және де оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту. Ойын 3 турдан тұрды: бәйге, гамма, көкпар. Ойын орыс тілінде жүргізілді, ойынды ұйымдастырған мектебіміздің жас мамандары Камшат Кыдырмуханбетова және Әсем Талипова. Ойын өте тартысты өтті. Ойын сұрақтары әр түрлі салаларды қамтыды, оқушылар жақсы ойын көрсетті. Екінші турдан кейін үш оқушы келесі турға өтіп, нәтижесінде 10 сынып оқушысы Қазбек Шаханов көшбасшы атанып, мадақтама және сыйлық иеленді. Басқа да қатысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды.