"Буккроссинг мектепте" акция
Мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Буккроссинг мектепте» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың мақсаты оқушылардың бойына кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту.
«Мен және кітап» сауалнамасы 1-4 және 5-8 сынып оқушыларынан алынды. Сауалнамаға 45 оқушы қатысты.
2018 жылы 18 қазанда «Кітап асып-таспайтын асыл қазынамыз» кітапханалық сабақ 4 б сыныбында өтті, 25 оқушы қатысты.
«Кітап оқу керек па?» ой-толғау 2018 жылы 6 қараша күні 9в сыныбымен өтті, 21 оқушы қатысты.
«Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту» мәнерлеп оқу 9 ә сыныбымен 13 қараша күні өтті, 21 оқушы қатысты.
Мектеп кітапханасында жыл бойы «Оқырман ағашына » оқушылар оқыған кітаптары жайлы пікірлерін жаза отырып, басқа оқырмандарға оқыған кітаптарын ұсынуда.