13
январь
2020
Оқушылар шығармашылығы
Қараша айында жылдық жоспарға сәйкес мектебімізде 7-9 сыныптар арасында "Мен және менің роботым" тақырыбында оқушылардың шығармашылық байқауы өтілді. Байқау мақсаты робототехника саласында талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушылардыі анықтау, оқушылардың бастамаларына қолдау көрсету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқауға оқушылар өздері құрастырған роботтарын сынға түсірді. Байқау нәтижесі бойынша 9 сынып командасы І орын иеленді. Байқау қызықты, тартысты өтті.