Ата-аналармен жұмыс » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен жұмыс
17
сентябрь
2020

Ата-аналармен жұмыс

Жалпы  республикалық ата – аналар жиналысы

Күн тәртібінде қаралатын мәселе

  Тақырыбы: Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуіне байланысты карантиндик шаралар жағдайында жаңа оқу жылында оқушыларды оқытудың ерекшелігі бойынша кеңес

Күн тәртібінде: 

1. Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуіне байланысты карантиндик шаралар жағдайында 2020 – 2021 оқу жыланда оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру

   Мектеп директоры:  Б.Валиев


2. Қашықтықтан оқыту баланың мінез құлық ережелері және орны. Балалардың қарым – қатынас психологогиясы. 

 Мектеп психологы: А.Мауленова

3. Ата –аналармен мектептің байланысы, оқушылардың сабаққа қатысу

   ДҚТІЖО:     Б.Шарипов

4.Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау

Мектеп медбикесі:  Қ.Утепова 







                                   


№1 орта мектебінің 17 қыркүйек жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысына 

ХАТТАМА №3



Өтілген күні:                                                                              17.09.2020 ж. 


Өткізілген түрі:                       Қашықтықтан zoom    платформасымен өткізілді 


Қатысқандар:

  1. Мектеп директоры;
  2. Ата – аналар комитетінің төрағасы – Ж.Баданов
  3. Ата-аналар; (тізімі қоса тіркеледі.)
  4. Сынып жетекшілер.

Барлығы: 71 адам.


Жиналыс төрағасы: Б.Валиев – мектеп директоры.

Жиналыс хатшысы: Д.Сатылғанова


КҮН ТӘРТІБІ:

1. Короновирустық инфекцияның таралуна жол бермеуіне байланысты карантиндик шаралар жағдайында 2020 – 2021 оқу жыланда оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру


Хабарламашы: Б.Валиев – мектеп директоры.


2.Қашықтықтан оқыту баланың мінез құлық ережелері және орны. Балалардың қарым – қатынас психологогиясы. 

Баяндамашы: Мектеп психологы Мауленова



3.Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау 


Хабарламашы: Қ.Өтепова – мектеп медбикесі.


4. Ата –аналармен мектептің байланысы, оқушылардың сабаққа қатысу

Хабарламашы: ДҚТІЖО:  Б.Шарипов

5. Өзге де мәселелер.


ТЫҢДАЛДЫ.

Жамбыл ауданының білім беру мекемелері бойынша 17 қыркүйек күні «қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады» тақырыбында біріңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді  №1 орта мектебінде өткізілген ата-ана жиналысының мақсаты: қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы, ата-аналарды ақпараттандыру. Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Валиев сөз алып жаңа оқу жылы мен жыл бойғы мақсат - міндеттерімен таныстырып өтті. Оқудағы жалпы мақсат «жеке тұлға » қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі. Оқу жылы барысында мектептің ішкі сыртқы ағымдағы мәселелері төңірегінде әңгімеледі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы әңгімеледі. Мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берді.

         

         Баяндама хаттамаға қоса тігіледі.

Ата-аналар жиналысында   мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформа туралы, оқыту форматтары туралы егжей-тегжейлі айтылып,балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы мәселелеріне ерекше назар аудару керектігі хабарланды. Сонымен қатар ата-аналарға оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі,оқушының оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар,оқушының оқу жетістіктерін бағалау таныстырылып,ата-анаға кеңестер берілді. Қашықтықтан оқыту баланың мінез құлық ережелері және орны туралы айтылды.

Ата-анамен мектептің байланысы,оқушылардың сабаққа қатысуы жайлы өзекті мәселелер талқыға салынды. Мектепте 1 сыныптардың дәстүрлі оқып жатқандағы ,оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау шаралары туралы  айтылды. Жалпы зум форматта өткізілген ата-ана жиналысына 71 ата-ана қатысып,басқа ватсап желісі арқылы қатысқан ата-аналарға қосымша түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі бекітіліп, басшылыққа алынсын.
  2. Сабақтан  тыс уақытта және кешкі мезгілде мектеп оқушыларының тәртібі мен іс-әрекетін қадағалау ата-аналарға жүктелсін.
  3. Оқушылардың бос уақыттарында көркем әдебиет оқу жұмыста-рына ата-аналар тарапынан қадағалау жүргізілсін.

Жиналыс төрағасы                                                   Б.Валиев


Жиналыс хатшысы                                                   А.Аханшаева