Қамқоршылық кеңес
«№ 1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қамқоршылық кеңесінің 1-отырысының
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Өтілген күні: 09.09.2020 ж.
Өтетін уақыты: Сағат: 10:00
Өткізілетін жері: Аса ауылы,Төлеби көшесі № 106 № 1 орта мектебі ғимараты
1. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан өтетін
2020 – 2021 жаңа оқу жылының басталуына дайындық есебі.
Көп балалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы балаларының оқулықпен және ыстық тамақпен қамтылуы.
Хабарламашы:Б.А.Валиев-мектеп директоры.
1.Жаңа оқу жылына дайындық барысы.
2. Көп балалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы
балаларының оқулықпен және ыстық тамақпен қамтылуы.
3.«Қашықтықтан оқуға мен дайынмын ба?» тақырыбында
4. Мектеп ішіне дәретхана орналастыру мәселесі туралы
Хаттама №1
«№1 орта мектебі» КММ
қамқоршылық кеңесінің отырысы
Өтілген күні: 09.09.2020 ж.
Өткізілген жері: Аса ауылы, №1 орта мектебі
Қатысқандар кеңес мүшелері:
1. Баданов Жандос Темірбекұлы
2. Бейсекеев Темірхан Амирханович
3. Омарова Райгул Қалмұханбетқызы
4. Рахимов Даулет Рахимович
5. Қасымова Динара
6. Қапалбаева Мариям
7. Аман Жансая
Жиналыс төрағасы Ж.Баданов – кеңес төрағасы.
Жиналыс хатшысы: Ж.Аман
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылына дайындық барысы.
2. Көп балалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы
балаларының оқулықпен және ыстық тамақпен қамтылуы.
Хабарламашы: Әлеуметтік педагог: Аман.Ж
3.«Қашықтықтан оқуға мен дайынмын ба?» тақырыбында
4. Мектеп ішіне дәретхана орналастыру мәселесі туралы
Хабарламашы: Б.Валиев – мектеп директоры.
Қатысқандар:саны-8
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.А.Валиев 2020 – 2021 оқу жылының басталуы бойынша қамқоршылық кеңесіне есеп берді. Мектеп директоры Б.Валиев жаңа оқу жылымен құттықтап, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу басталғанын хабарлады. Қашықтан оқу барасында көп еңбекті қажет ететінін ескертіп айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жаңа оқу жылына дайындық барысын түсіндіріп өтті.
№1 орта мектебінде 2020 – 2021 оқу жылында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны 130 , отбасы саны - 45.Атаулы әлеуметтік көмек алатын 40 отбасы бар, ондағы бала саны – 120.Көп бала отбасы саны – 153, ондағы бала саны – 687. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар түгел оқулықпен қамтылды. Еш шағым - арыз жоқ.
2020- 2021 жаңа оқу жылының тамыз айындағы дәстүрлі Республикалық «Мектепке барар жол» акциясы аясында демеушілермен мектеп ұжымының ұйымдастырылуымен,жартылай,тұлжетім, көпбалалы,азқамтылған,тұрмысы төмен отбасындағы балалар зерделеніп қажет еткен отбасыларын киіммен және қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тегін ыстық тамаққа жартылай, тұл жетім, көпбалалы,азқамтылған,тұрмысы төмен отбасындағы балалар зерделеніп, 95 балаға тізім жасалынды.
Ыстық тамақтың тізімі сынып жетекшілердің берген әлеуметтік картасы бойынша қалыптастырылды. Тізім ауылдық әкіммен келісіліп,мектеп директорымен бекітілді .Еліміздегі короновирустық пандемияға байланысты қашықтықтан оқуға керекті компьютерлік құралдар осы отбасыларға түгел таратылды. Сонымен қатар жоғарыда айтылған санаттағы отбасыларға роултер,планшет таратылды. Акт жасалынып ата – аналардың сұранысы жазылып алынды. Короновирустық пандемияға байланысты қашықтықтан оқу кезінде бір реттік тегін ыстық тамақ беріліп жатқан жоқ. Кешекші сыныптардың сабақ өту барысы, оқушылардың қауіпсіздігі қатаң
сақталып, арақашықтықты сақтап, 10 минут сайын бөлменінің ауасын тазартылып, кабинеттің санитарлық нормасы қатаң сақталып отырады. . Жалпы мектеп бойынша 481 отбасы оның ішінде аз қамтылған , көп балалы, денсаулығына байланысты үйден оқитын , жартылай жетім отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға мектеп тарапынан 80-нен аса компьютер таратылды.Сонымен қатар мектепке бөлінген 50 роутер жоғарыда аталған отбасыларға таратылды. Таратылу барысында комиссия құрылып, отбасы жағдайы тексеріліп, акт жасалып берілді. Компьютер алудан бас тартқан ата – аналар өз қолдарымен бас тарту парағын жазып берді.
Мектеп ішіне дәретхана орналастыру мәселі бойынша жалпы мектепке 7 дәретхана қойылып қазіргі таңда қолтаныста тұр.Сырттағы дәретхана түгел жабылды.
Кеңес төрағасы 1.Ж.Баданов
Кеңес мүшелері
2. Баданов Жандос Темірбекұлы
3. Бейсекеев Темірхан Амирханович
4. Омарова Райгул Қалмұханбетқызы
5. Рахимов Даулет Рахимович
6. Қасымова Динара
7. Қапалбаева Мариям
8. Аман Жансая
Жиналыс төрағасы: Ж.Баданов – кеңес төрағасы.
Жиналыс хатшысы: Ж.Аман