Карантин біздің қашықтан білім алуымызға, түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысуымызға кедергі болмақ емес! » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Карантин біздің қашықтан білім алуымызға, түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысуымызға кедергі болмақ емес!
23
апрель
2020

Карантин біздің қашықтан білім алуымызға, түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысуымызға кедергі болмақ емес!

     Пандемия кезіне қарамастан,  осындай ұранмен мектебіміздің оқушылары ерікті түрде  қашықтан өтілетін түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысудың көшін бастап жүр.Соның бірі, тұрақты түрде өткізіліп тұратын Қазақстандық Интернет Олимпиадасы.

   Қазақстан Республикасының оқушылары арасындағы қашықтық олимпиадасының   бекітілген тізімі мен кестесі бойынша  наурыз- сәуір аралығында өткен  пән олимпиадаларына мектебіміздің бірқатар оқушылары қатысты. 

Қашықтық олимпиаданың басты мақсаты мен міндеті зияткерлік жарыстарға қатысуды ынталандыру, дарынды оқушыларды  анықтау, оларға қолдау көрсету

     Қашықтық олимпиаданың тапсырмаларын қатысушылар өздігінен онлайн режимінде кесте бойынша cdo.kz сайтынан алды. Оқушыларға арналған қашықтық олимпиада 2 кезеңмен өткізілді. Біріншісі аумақтық іріктелу (облыстар бойынша) кезеңі, ал екіншісі қорытынды болып табылады. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің бірқатар оқушылары  қазақ тілі, орыс тілі, физика пәндері бойынша аталған олимпиадаға  қатысып,  І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!