Біздің жетістіктеріміз
Мектебіміздің 6 сынып оқушысы Ұлдана Бескемпірова "Мың бала" ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды. Жеңісің құтты болсын!
«Myń bala» олимпиадасы 5 және 6-сынып оқушылары арасында алты пән бойынша өтті. Олимпиада 2 кезеңге бөлініп өткізілді – сырттай және тікелей. Бірінші кезең сырттай өткізілді. 1 және 2-тоқсандар қорытындысы бойынша үлгерім нәтижелері негізінде іріктеу жүргізілді. Үлгерім бағалары «Математика», «Жаратылыстану», «Информатика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша алынды.
II кезең – тікелей өтілді, үстіміздегі жылдың 21 тамызы күні қатысушылар алты пән бойынша білімдерін сынады. Олимпиада нәтижесі бойынша Ұлдананың алдында "Білім-инновация лицейі", Республикалық физика-математика мектебі және "Дарын" сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде оқуын әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болды.
Ұлдананың таңдауы өзінің туған өлкесі Тараз қаласындағы "Білім-инновация лицейі" болды.
Білім шыңына өрлей бер, алар асуларың көп болсын!
