«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» атты Жас Ұландықтар форумы
«Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» атты Жас Ұландықтар форумы туралы мәлімет
ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында мектеп тәлімгері Айжан Кушенованың ұйымдастыруымен «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Кемелді келешекке- кемеңгер Елбасымен!» атты мектепішілік форумы өтті.
Қазіргі таңда мектеп бойынша 250 «Жас Ұлан» ұйымына, 12 оқушы «Жас Қыран» ұйымына мүшелікке қабылданған. Олардың барлығы дерлік спорт, мәдениет, білім, өнер сайыстарында жетістіктерге жеткен мектеп мақтаныштары.
Форумға келген Аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова, мектеп директоры Бауыржан Валиев, аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрбек Сәкенов, «Геккон» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Асланби Сыдықов жаңадан қабылданған 54 мектеп озатына галстуктар мен төсбелгілерін тағып, мерекемен құттықтады. Сонымен, 37 оқушы «Жас Ұландық»,17 оқушы «Жас Қырандық» атанды.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелігіне қабылданғандар өз Отанының патриоты болуға, Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, білімге табандылық көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға ант берді.
Шара соңы ұйымға қабылданған, өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасымен ұласты.