Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебі КММ «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар бүгіні мен болашағы»«Еңбегі адал — жас өрен» жобасы аясындағы кездесуле«Мамандығым – мақтанышым», «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыптарында2025 жылдың сәуір айында 10–11-сынып білім алушыларына арналған кездесуде №1 орта мектебінің түлегі қол күрестен бірнеше дүркін чемпион, спорт шебері Баймұрат Нұрсая Азаматқызы мектепке қонаққа келді. Кездесу барысында Нұрсая Баймұрат Азаматқызы ТарМУ 1-курс студенті екенін өз кәсіби жолы мен жетістіктері туралы әңгімелеп, оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа және мақсат қоя білуге шақырды. Ол өзінің білім алған ошақтарын, спорттағы алғашқы қадамдарын, еңбек пен тәртіптің арқасында жеткен табыстарын ашық әрі тартымды түрде баяндады. Оқушылар чемпионмен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және пайдалы кеңестер алды.Соңынан мектеп ауласына 11-сынып білім алушыларымен тал отырғызды.  |