Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімі №1 орта мектеп Кәсіби бағдар беру аясында egov.kz порталымен жұмыс істеу жолдарын таныстыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Кәсіби бағдар беру аясында egov.kz порталымен жұмыс істеу жолдарын таныстыру Мақсаты: Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының ХҚКО Жамбыл аудандық бөлімінің маманы Оразбекұлы Ербол 11-сынып білім алушыларын https://egov.kz/cms/ru порталымен жұмыс істеу жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар, https://www.enbek.kz/k порталы арқылы жұмыс іздеу және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері туралы да жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар egov.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ көптеген маңызды құжаттарды электрондық форматта алуға болатынын түсініп, цифрлық дағдылардың қазіргі замандағы маңызын ұғынды. Қатысқан мамандар:
![]() ![]() |