"Үш тілдің патшалығы"
"Үш тілдің патшалығы"
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптардың қатысуымен "Үш тілдің патшалығы" тақырыбында кеш болып өтті. Кешті ұйымдастырып өткізудегі басты мақсатымыз үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Кеш үш тілде жүргізілді. Кеш барысында оқушылар ертегі әлеміне саяхат жасады. Қатысушы оқушылар үш тілде ән айтып, сахналық қойылымдар көрсетті. Кеш барысында көрермендермен ойындар ойнатылды, қазақ, орыс және ағылшын ұлттарының ертегілері туралы, кейіпкерлері туралы қойылған сұрақтарға белсенді, қызығушылықпен жауап берді. Мектеп залы ертегі әлеміне тән безендірілген, оқушылар өздерін ертегі әлеміне енгендей сезінді. Кеш барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.