Жас мамандармен тренинг
21 қазан күні мектебіміздің жас мамандарымен Мамандығым-мақтанышым тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты:жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кәсіби құлшынысын арттыру, психикалық көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, сыйластық қарым-қатынас орнату. Тренинг барысында жас мамандарға жадынама таратылып,кеңестер ұсынылды. Тренингке барлығы белсенділікпен қатысты.