№1 орта мектебі жанынан ашылған "Балдырған" шағын орталық балабақшасында ұлыстың ұлы күніне орай "Наурыз-жыл басы" атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке "Жұлдыз", "Балаусы", "Айгөлек" тобының бүлдіршіндері және ата-аналар қатысып, қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары көрсетілді.