18
октябрь
2019
мұғалімдер шығармашылығы
2019 жылы 18 қазан күні мектебімізде " Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында қалай тиімді қолдануға болады?" тақырыбында коучинг өтілді. Коуч Ойыкбаева Ғалия және Таутаева Ғазиза. Коучинг жұмысына мектеп мұғалімдері жас мамандар қатысты. Коучинг мақсаты мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну, әдіс-тәсілдердің түрлерімен танысу, тиімділігін білу,тәжірибелермен бөлісу болды. Коучинг барысында қатысқан мұғалімдер түрлі әдіс-тәсілдермен, бағалау түрлерімен танысып, оларды қолдану жолымен өз тәжірибелерінде жасап, көптеген жаңа мәліметтер алды. Коучинг соңында қатысушылардан "4 сауал" әдісі бойынша кері байланыс алынды, кері байланыс бойынша көптеген мұғалімдер осындай коучингтердің жиі ұйымдастырылуын қалағанын байқадық.