1 Қыркүйек «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты іс-шара » Сш им 30 лет Поб.
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1 Қыркүйек «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты іс-шара
01
сентябрь
2024

1 Қыркүйек «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты іс-шара

№1 орта мектебінде өткен  «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны туралы мәлімет.


        Жамбылская область Жамбыл ауданы Аса ауылының №1 орта мектебінде

1- қыркүйек күні 2024-2025 оқу жылының басталуына орай  «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» атты  Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. 

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру сонымен қатар білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу,сезіну білімге деген құштарлығын арттыру,еліміздің білімді,тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

- білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;

- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

Салтанатты жиынға: 

Жамбыл ауданды әкімінің бас инспекторы Шалбаева Назира Нұрғабылқызы, Аса ауылдық округі аппараты бас маманы Қалабаев Ержан Әсембайұлы, аудандық мұрағат директоры Күлеекева Келсінкүл Жұмалықызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Туркменова Эльмира Жалғасқызы қатысып, өз тілек-лебіздерін білдірді. 

Мектеп директоры Тлебалдиева Ақерке Молдаханқызы    білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен бітіруші түлектерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп жүрек жарды тілектерін жеткізді.