10
январь
2019
"Қазақстандағы үштілді білім беру үрдісін ұйымдастыру"
08 қаңтар күні мектебімізде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқытушыларымен бірлескен "Қазақстандағы үштілді білім беру үрдісін ұйымдастыру" тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинар мақсаты мектептегі жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу болды. Семинар барысында мектеп директоры Б.Валиев "Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бүгінгі күннің талабы" тақырыбында және "Шет тілдер" кафедрасының аға оқытушысы Г.Испанкулова "Кәсіби ағылшын тілін көп тілдік топтарға оқыту" тақырыбында презентация жасады. Сонымен қатар кафедра мұғалімдері мен мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті, сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты.