Ерте жүктіліктің алдын алу. қыздармен жүргізілген жиналыс
«№1 орта мектебі»КММ
қыздар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Аса ауылы 4.12.2018ж
Өткізілген жері: №1 орта мектебінің мәжіліс залы
Қатысқандар:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері- Л.Зарпулова;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Жастар денсаулық орталығының жетекшісі- А.Сайлаубаева;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері-А.Тайлыбаева;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Мектеп психологы-А.Мауленова
Барлығы: 8-11 сыныптың қыз балалары. 95 адам
Жиналыс төрайымы: Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері- Л.Зарпулова.
Жиналыс хатшысы: А.Кушенова
КҮН ТӘРТІБІ:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу. Баяндамашы: Жастар денсаулық орталығының жетекшісі- А.Сайлаубаева
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Ерте жүктіліктің қауіп-қатері. Баяндамашы: Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері-А.Тайлыбаева.
ТЫҢДАЛДЫ.
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Л.Зарпулова бүгінгі жиналыстың мақсатымен таныстырып, жиналысты ашты. Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан жиналыс екендігін оқушыларға баяндады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі-гормоналды ауысу кезеңі басталады. Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді. Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан интернеттен біледі деп ойлайды. Алайда, бұл ақпарат қыз балаларға жеткіліксіз болып келеді. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыз бала, қыз,әйел- бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де,қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды екенін түсінуіміз қажет екендігін қыздарға түсіндіріп жастар денсаулық орталығының жетекшісі А.Сайлаубаева айтып өтті. Баяндамашы Сайлаубаева егер ерте жүктілік болған жағдайда сенім телефонына немесе көрсетілген мекен-жайға келіп көмек сұрауға болатынын баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «ерте жүктіліктің қауіп-қатері». Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері А.Тайлыбаева статистикалық мәліметтерді баяндап, ерте жүктіліктін қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс екенін тілге тиек етті. Жасөспірімдер бір ғана шалыс басқан істің артында үлкен қауіп-қатер бар екенін біле бермейді. Мысалы жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды, қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп қатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмайды соның салдарынан ақауы бар баланың дүниеге келуі мүмкін. Міне, жоғарыда аталған дүниенің бәрі ерте жүктіліктің қауіп қатері екенін оқушыларға жеткізді.
Шешім:
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында
мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қыздар төрайымы қыздармен тығыс байланысып, жұмыстар жүргізілсін.