ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының қорытындысы » Сш им 30 лет Поб.
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының қорытындысы
29
май
2026

ІV тоқсан және 2025–2026 оқу жылының қорытындысы


2025–2026 оқу жылында мектепте барлығы 861 білім алушы білім алды. Оның ішінде 2–11 сыныптарда 788 білім алушы оқыды. ІV тоқсан қорытындысы бойынша барлық сыныптарда үлгерім көрсеткіші 100%-ды құрады.

Бастауыш сыныптарда (1–4 сыныптар) 311 білім алушы білім алды. Бастауыш буын бойынша білім сапасы 74,37%-ды құрады. 2–4 сыныптарда оқу бағдарламасын толық меңгерген 72 үздік білім алушы мақтау қағазымен марапаттауға ұсынылды. Барлық бастауыш сынып оқушылары келесі сыныпқа көшірілуге ұсынылды.

5–8 және 10-сынып білім алушылары «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттауға жіберілді. Сонымен қатар 9-сынып оқушылары қорытынды бітіру емтихандарына, 11-сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберілді. Бітіруші сыныптардың құжаттары толық зерделеніп, емтиханға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Жылдық қорытынды бойынша мектептің білім сапасы тұрақты деңгейде сақталып, оқу бағдарламалары толық орындалды.