2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы » Сш им 30 лет Поб.
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы
29
май
2026

2025–2026 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс қорытындысы

2025–2026 оқу жылында мектеп ұжымы «Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» тақырыбында жұмыс жүргізді.

Мектепте 110 педагог қызмет атқарды. Оның 106-сы жоғары білімді. Аттестаттау қорытындысы бойынша педагогтердің сапалық құрамы 65%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсу байқалды. Биыл педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 37, педагог-сарапшы – 33, педагог-модератор – 37 мұғалім қызмет атқарды.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс 8 бағыт бойынша ұйымдастырылып, барлық пән бірлестіктері жоспарға сәйкес айлықтар, ашық сабақтар, семинарлар мен коучингтер өткізді. 30 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтіп, 60 педагог онлайн курстарға қатысты.

Жас мамандармен жүйелі жұмыс жүргізіліп, тәлімгерлік қолдау көрсетілді. «Жас маман – 2026» байқауында физика пәні мұғалімі Сабыр Жанерке аудандық кезеңде ІІ орын иеленді.

Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 39 оқушы жүлдегер атанып, облыстық кезеңде 2 оқушы жүлделі орын иеленді. Ғылыми жобалар, шығармашылық және спорттық жарыстарда да оқушылар мектеп мерейін арттырды.

Жалпы оқу жылы қорытындысы мектептің білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылғанын көрсетті.