28 тамыз 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 педагогикалық кеңестің хаттамасы. » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 28 тамыз 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 педагогикалық кеңестің хаттамасы.
28
август
2020

28 тамыз 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 педагогикалық кеңестің хаттамасы.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса ауылы

№1 орта мектебі КММ

№1 хаттама

28 тамыз 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 педагогикалық кеңестің хаттамасы.

Қатысқандар:

Күн тәртібі:

1. 2019- 2020 оқу жылындағы оқу – тәрбие жұмысына талдау. ДОІЖО. Айтуарова М.С.

2. 2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен таныстыру, бекіту. Мектеп директоры: Валиев Б.А.

3. Мектеп жасындағы блаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

4. «Жолда жүру ережесі» айлығының жоспарымен таныстыру. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

5. Мектептің оқу кабинеттерін пайдалану ережелері, техника қауіпсіздігі нұсқауларымен таныстыру. Еңбек жөніндегі нұсқаушы: Жамансариев Б.

6. Жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту. ДОӘІЖО: Жаманбаева Х.С.

7. Педагогикалық әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесін құру. «Педагогикалық әдеп», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Қазақстан Республикасының Заңымен таныстыру, талқылау. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

8. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

         2019 – 2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысына талдау туралы ДОІЖО: М.С. Айтуарова баяндады.

         2019 – 2020 оқу жылында №1 орта мектепте 886 оқушы білім алғанын, жалпы 42 сынып болып, бастауыш сатыда 82 оқушы тәлім алғанын айтып өтті.

         2019 – 2020 оқу жылындағы оқу-тірбие жұмысының жылдық жоспарына сай атқарылған барлық жұмыстарға талдау жасады. 9-сыныпты бітіруші 74 оқушының 8-і ерекше үлгідегі аттестатқа ие болғанын айтты. Олар:

1. 9 «А» сынып оқушысы Абдулла Нұрай

2. 9 «А сынып оқушысы Аманбаева Б.

3. 9 «А» сынып оқушысы Алпамысова А.

4. 9 «А» сынып оқушысы Заманбек А.

5. 9 «А» сынып оқушысы Керімбекова Д.

6. 9 «А» сынып оқушысы Назарова Д.

7. 9 «А» сынып оқушысы Мейранбек Т.

8. 9 «А» сынып оқушысы Абдықадыр А.

         11 сыныпты 3 оқушы «Алтын белгіге» бітіргенін айтты. Олар:

1. 11 «А» сынып оқушысы Абыл Ж.

2. 11 «А» сынып оқушысы Азреталы Д.

3. 11 «А» сынып оқушысы Тұрғанбеков М.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 02.05.2017 жылғы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары» негізінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші 31 оқушының 29-ы қатысқанын, 1 оқушы өз өтінішімен ҰБТ-дан босатылғанын, 1 оқушы қаңтардағы тест нәтижесімен жоғарғы оқу орнына тапсырғанын айта келе, ҰБТ-ға қатысу көрсеткіші 80%-ды құрап, «Алтын белгі» иегерлерімен қосқанда 20 оқушы білім грантына ие болғанын айтып өтті.

         2018 – 2019 оқу жылындағы ҰБТ нәтижесімен салыстырғанды +7%-ға жоғарылағанын айтты. (Анықтама тіркелді).

1.1. Жеке тұлғаның негізгі және қосымша бағдары білім беретін бағдарламаларды игеруіне және білім алуды жалғастыруына қажетті жағдай жасалсын.

         Тыңдалды:

         2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен мектеп директоры Б.А. Валиев таныстырды.

         №1 орта мектептің 2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының тақырыбы «Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру» екенін айтып, оқу-тәрбие жұмысының мақсат міндеттеріне тоқтады, 2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен таныстырды. (Анықтама теркелді).

2.1. 2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу –тәрбие жұмысының жылдық жоспары бекітілсін.

         Тыңдалды:

         Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту туралы ДОІЖО: М.С. Айтуарова мәлімет берді.

         «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмыс бірнеше міндеттерден құралатынын айтып, олар туралы тоқтап өтті. Олар:

1. Оқу жылында оқушыларды жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету.

2. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту.

3. Сабаққа себепсіз келмейтін оқушыларды анықтау.

4. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.

5. Рейд жұмыстарын жүргізу.

6. «Мектепке жол», «Қамқорлық акциясын» өткізу.

         №1 орта мектепке қарасты мөлтекаудандардағы 0 – 18 жас аралығындағы балалардың тізімі алынғанын, олардың қашықтықтан оқуға мүмкіндігі анықталғанын айта келе, биылғы оқу жылында 916 оқушы білім алатынын, оның 14-і үйден оқитын оқушы, 6 оқушы инклюзивті (кіріктіріліп) оқушы екенін айтып өтті. (Анықтама тіркелді).

3.1. Оқушылардың қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерінсынып жетекшілері үнемі бақылауда болсын.

3.2. Үйден және инклюзивті оқитын оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау күшейтілсін.

         Тыңдалды:

         «Жолда жүру ережесі» айлығының жоспарымен директордың құқық жөніндегі орынбасары Б.Н. Шарипов таныстырды.

         2020 – 2021 оқу жылында №1 орта мектепте «Жолда жүру ережесі» айлығы өтетінін айтып, айлықтың мақсатына тоқтады. Айлық барысында атқарылатын іс-шаралар туралы мәлімет бере келе, жоспар бойынша атқарылатын барлық іс-шараларда сынып жетекшілерінің рөлі ерекше екенін атап өтті. (Анықтама тіркелді).

4.1. «Жолда жүру ережесі» айлығы барысында өткізілетін іс-шараларға сынып жетекшілері жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмалар уақытында орындалуына ат салыссын.

         Тыңдалды:

         Мектептің оқу кабинеттерін пайдалану ережелері, техника қауіпсіздігі ережелерімен еңбек жөніндегі нұсқаушы Б. Жамансариев таныстырды.

         №1 орта мектептегі жалпы оқу кабинеттерінің саны, кабинет меңгерушілері, кабинеттердің талапқа сай жабдықталуы, жаңа оқу жылына оқу кабинеттерінің дайындығы және оқу кабинеттеріндегітехника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы толық мәлімет берді. Барлық оқу кабинеттерінде техника қауіпсіздігі және санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталуы міндетті екенін айта келе, мектебіміздегі кейбір оқу кабинеттері талапқа сай орналаспағанын, кейбіреулері толық жабдықталмай тұрғанына тоқталды.

         №16 кабинетте мұғалімнің жұмыс жасауына қажет мінбе жоқ екенін, су, кәріз жүйелерімен жабдықталмағанын айтты.

         №4 химия кабинеті соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталғанымен, талапқа сай орналаспағанына тоқтады. (Анықтама тіркелді).

5.1. Кабинет жиһаздары оқушылардың жас мөлшеріне сай орналастырылсын.

5.2. Оқу кабинеттері стандартқа сай жабдықталсын.

         Тыңдалды:

         Жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту туралы директордың әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.С. Жаманбаева баяндады.

         Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығымен таныстыра келе, «тәлімгерлік» - педагогтің орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі екенін айтып өтті. Тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтарға қойылатын талаптарды айтты. Олар:

1. «Педагог – зерттеуші» не «Педагог – шебер» біліктілік санаты болуы қажет.

2. Педагогикалық этиканың негізгі қағидадаттары мен нормаларын сақтауы тиіс.

3. Соңғы үш жыл ішінде оқытатын пәні бойынша білім алушылардың білім сапасы кемінде 60% - 70% болуы керек.

         2020 – 2021 оқу жылында мектебімізге бірнеше жас мамандар келгенін, оларға бекітілген тәлімгерлер туралы айтып өтті.

         Ағылшын тілінен жас мамандар және тәлімгерлері:

1. Рүстемова Фариза, тәлімгері Жаманбаева Л.С.

2. Серкебаева Ақмерей, тәлімгері Букибаева Д.А.

         Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жас маман және тәлімгері:

1. Абдылхайрова Гульнур, тәлімгері Аушенова Ұ.Б.

         Математика пәнінен жас маман және тәлімгері:

1. Әшірбек Арайлым, тәлімгері Төлендиев Р.Е.

(Анықтама тіркелді).

6.1. Жас мамандарға тәлімгерлер тарапынан жан-жақты көмек көрсетілсін. Тәлімгерлер жұмыстарын жандандырсын

         Тыңдалды:

         Жетінші мәселе бойынша ДҚІЖО: Б.Н. Шарипов мәлімет берді.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп» Заңымен таныстырды. Педагогикалық әдептің негізгі міндеттері, педагогикалық әдептің негізгі нормалары туралы толық мәлімет берді.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен таныстырды. (Анықтама тіркелді).

         Тыңдалды:

         2020 – 2021 оқу жылындағы кезекші сыныптардағы қауіпсіздік шараларының сақаталуы туралы мектеп директоры Б.А. Валиев мәлімет берді.

         «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен тансытра келе, мектебімізде 1-сыныптар бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылғанын айтты. Кезекші сыныптардың сынып жетекшілері, кезекші сыныптарға қойылатын талаптар туралы жеке-жеке тоқтады. Кезекші сыныптарға қойылатын талаптар:

  1. Ата – аналар балаларын кезекші сыныптарға әкеледі, бірақ өздері мектепке, оқу кабинетіне кірмейді.
  2. Мектептің кіре берісіне дезинфекциялық кілемше төселеді.
  3. Оқушылардың температурасы мектепке кірерде шартты түрде тепловизормен тексеріліп отырады.
  4. Барлық мұғалімдер, оқушылар қолдарын антисептикпен жуып, маска тағады.
  5. Сыныпты желдету, жуу, қызыл сызықпен белгілеу, оқушылардың ара қашықтығы қатаң бақыланады.

   Осы талаптардың орындалуын қадағалауды кезекші сыныптардың сынып жетекшілері Г. Сыдықова, Ғ. Айқынбекова, А. Қойшыбаева, А.Байтілеуоваларға міндеттеді.

         Кезекші сынып кабинеттерінің (әжетхананың) тазалығын қадағалауды мектептің шаруашылық меңгерушісі А. Тоғайбекұлына жүктеді.

         Оқушылардың температурасын тепловизормен күнде таңертең тексеріп сабаққа жіберуді мектеп медбикесі Қ. Утеповаға міндеттеді.


Педагогикалық кеңес қаулы етеді:

  1. 2019 – 2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар «қанағаттанарлық» деп табылсын.
  2. 2020 – 2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары бекітілсін.
  3. Қашықтықтан оқуға байланысты мектеп жасындағы балалардың күнделікті сабаққа қатысу мүмкіндігін, әлеуметтік жағдайын сынып жетекшілері қадағалап отырсын.
  4. «Жолда жүру ережесі» айлығының жоспары бекітілсін.
  5. Оқу кабинеттері талапқа сай жабдықталсын, кабинет меңгерушілері жұмыстарын жандандырсын.
  6. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер жоспарға сай жұмыс атқарсын.
  7. Тәлімгерлердің атқарған жұмыстарын бақылау ДӘІЖО Х. С.  Жаманбаеваға міндеттелсін.
  8. Педагогикалық әдеп бойынша құрылған кеңес мүшелері жоспарға сай нәтижелі жұмыс атқарсын.


Мектеп директоры:                                       Б.А. Валиев

Хатшысы                                                         А.Т. Аханшаева




         №2 хаттама

12 қараша 2020 жылы №1 орта мектепте өткізілген №2 педагогикалық кеңестің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар:

Күн тәртібі:

1. І тоқсан қорытындысы, білім сапасы, үлгерімі. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

2. Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктері. Мектеп психологы: Мауленова А.Ғ.

3. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын жүзеге асырудағы сынып жетекшінің рөлі. ДТІЖО: Қапалбаева М.К.

4. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмысының барысы. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

5. Кіріктіріліп (инклюзивті) оқытылатын оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайы. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

6. Әртүрлі мәселелер.

         Тыңдалды:

         І тоқсан қорытындысы, білім сапасы, үлгерімі туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С. Айтуарова баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылының 5 қыркүйегіне дейін мектепте 916 оқушы болғанын, І тоқсан барысында 3 оқушы келіп, 12 оқушы басқа мектептерге кетуіне байланысты І тоқсан соңында 907 оқушы болғанын айтты. 1 – 4 сыныптарда 388 оқушы, 5 – 9 сыныптарда 420 оқушы, 10 – 11 сыныптарда 99 оқушы екенін айта келе, І тоқсандағы жалпы білім сапамыз 54% болғанын айтып өтті. Әрбір сыныптың білім сапасы мен үлгерімі туралы жеке-жеке тоқтап, сараптама жасады.

         2 – сыныптардың білім сапасы – 60,74%, үлгерімі – 100%. Аталған сыныптар бойынша 3 «В» сыныбының білім сапасы төмен екенін айтты. Жиналыс барысында 3 «В» сыныбының сынып жетекшісі Г.А. Қалыбаеваға сөз берілді. Білім сапасының төмен болу себебі, ол бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып, ІІ тоқсанда кемшіліктер орын алмайтынын айтты.

         5 – сыныптардың білім сапасы – 50,24%, үлгерімі – 100%. Бұл сыныптар бойынша төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар:

  1. 5 «Ә» сыныбы 40%, сынып жетекшісі Қабылбекова Г.М.
  2. 6 «А» сыныбы 46%, сынып жетекшісі Телғараев Д.Т.
  3. 7 «Б» сыныбы 45%, сынып жетекшісі Исакова Ш.Б.
  4. 7 «В» сыныбы 36%, сынып жетекшісі Даниярова Б.А.
  5. 8 «Ә» сыныбы 42%, сынып жетекшісі Жогиева А.Т.
  6. 9 «Ә» сыныбы 42%, сынып жетекшісі Құрапбергенова А.
  7. 9 «Ә» сыныбы 40%, сынып жетекшісі Кутимова А.

10 – 11 сыныптардың білім сапасы – 48%, үлгерімі – 100%. Аталған сыныптар бойынша білім сапасын төмен көрсеткен 11 «А» сыныбы, білім сапасы – 41%, үлгерімі – 100%, сынып жетекшісі Тажибаев Б.Е.

Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптардың сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне жиналыс барысында сөз беріліп, білім сапасының төмендеу себептері талқыланды. Білім сапасының төмендеуінің басты себебі қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан оқу екенін, кейбір оқушылардың ата – аналарының балаларының біліміне салғырт қарауы екенін айтты.

(Анықтама тіркелді).

1.1. Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптардың сынып жетекшілері, пән мұғалімдерімен байланыс жасасын, сыныптың білім сапасын көтерсін.

         Тыңдалды:

         Мұғалімдер мен оқушылардың қарым – қатынас ерекшеліктері туралы мектеп психологы А.Ғ. Мауленова мәлімет жасады.

         Қашықтықтан оқу кезінде оқушылардың мұғалімдермен қарым – қатынасын, пәнге деген қызығушылығын анықтау мақсатында қазан айының соңында сауалнама алынғанын айтты. Сауалнамаға 5-6 сынып оқушылары арасынан 268 оқушы қатысқанын айтып, сауалнама нәтижесіне тоқтады. Оқушылардың жауаптарын саралай келе, оқушылардың мұғалімдермен қарым-қатынасы да, пәнге деген қызығушылықтары да өте жақсы екенін айтты. Қашықтықтан оқу кезінде оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасауға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынды.

         (Анықтама тіркелді).

2.1. Жұмыс барысында тек сабақ бағдарламасымен шектелмей, баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы ескерілсін.

         Тыңдалды:

         Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын жүзеге асырудағы сынып жетекшісінің рөлі туралы ДТІЖО М. Қапалбаева баяндады.

         Мектеп, мектептің жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі ата – аналардың мектеппен байланысы, сынып жетекшісінің алатын орны туралы баяндама оқиды. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісінің рөлі зор екенін айтып, мектебіміздегі мақтауға тұрарлық сынып жетекшілер туралы айтып өтті.

         11-18 қыркүйек аралығында «Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы», «Отбасы – өмір аясы», «Отбасы – бақыт мекені» тақырыптарында Zoom платформасы арқылы ашық тәрбие сағаттары өткенін айтты.

         14 қазан күні мектепішілік «Парасатты отбасы» байқауы өткізілгенін, оған мектебімізден 23 отбасы қатысқанын айтып өтті. Онлайн форматта өткізілген бұл байқауда екі отбас аудандық байқауға жалдама алып, номинациялармен марапатталғанына тоқтады.

         (Анықтама тіркелді).

3.1. Онлайн форматта өткізілетін іс – шаралардың, бейне – жазбалардың сапасына, тәрбиелік мәніне сынып жетекшілер баса назар аударсын.

         Тыңдалды:

         Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмысының барысы туралы ДОІЖО: М.С. Айтуарова мәлімет берді.

         2020 – 2021 оқу жылында №1 орта мектептегі 11 сынып оқушыларының саны 49 оқушы екенін айтып, 11 «А», 11 «Ә» сыныптары жаратылыстану бағыты, 11 «Б» сынып гуманитарлық бағыт бойынша білім алып жатқанын айтты. Қыркүйек айынан бастап, 11-сыныптардан 5-11 сыныптардың бағдарламасы бойынша негізгі пәндерден дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын әр пән бойынша тақырыптық тесттер алынғанын айтып, алынған жұмыстарға сараптама жасады.

         Қазақ әдебиеті пәнінен алынған эссе нәтижесі:

11 «А» сыныбының білім сапасы – 41%, үлгерімі – 100%.   

11 «Ә» сыныбының білім сапасы – 42%, үлгерімі – 100%.   

11 «Б» сыныбының білім сапасы – 54%, үлгерімі – 100%.   

             Алгебра және анализ бастамалары пәнінен бес тапсырмадан тұратын бақылау жұмысының нәтижесі:

11 «А» сыныбының білім сапасы – 33%, үлгерімі – 80%.   

11 «Ә» сыныбының білім сапасы – 40%, үлгерімі – 85%.   

11 «Б» сыныбының білім сапасы – 40%, үлгерімі – 80%.   

         Қазақстан тарихы пәнінің нәтижесі:

11 «А» сыныбының білім сапасы – 35%, үлгерімі – 100%.   

11 «Ә» сыныбының білім сапасы – 35%, үлгерімі – 100%.   

11 «Б» сыныбының білім сапасы – 40%, үлгерімі – 100%.

         Орыс тілі пәнінен 40 сұрақтан тұратын тест нәтижесіне талдау жасай келе, төмен нәтиже көрсеткен Д. Мұхтар, Ж. Керімқұлова, Қ. Кемелбек, А.Темірханов сияқты оқушылармен қосымша дайындық жұмыстары жүргізілуі керек екенін айтты.

         23 қазанда таңдау пәндерінен алынған тест нәтижесі бойынша тоқтап, сараптама жасады. Төмен білім сапасын көрсеткен пәндер төмендегідей:

Дүние жүзі тарихының білім сапасы – 0%, 4 оқушы таңдаған;  

Химия пәнінің білім сапасы – 0%, 13 оқушы таңдаған;  

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасы – 25%, 4 оқушы таңдаған;  

Физика пәнінің білім сапасы – 25%, 8 оқушы таңдаған;  

Биология пәнінің білім сапасы –380%, 18 оқушы таңдаған.

         Аталған пәндердің пән мұғалімдеріне жиналыс барысында сөз беріліп, оқушылардың дайындығы, қандай тақырыптарды меңгере алмай жатқандығы туралы талқыланды.

         Білім сапасын төмен көрсеткен оқушылардың сынып жетекшілері ата – аналармен байланыста екенін, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

         (Анықтама тіркелді).

4.1. Төмен білім сапасын көрсеткен дүние жүзі, химия пәндерінің мұғалімдері оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында қосымша жұмыстар жүргізсін.

4.2. Мектеп психологтары оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізсін.

         Тыңдалды:

         Кіріктіріліп (инклюзивті) оқытылатын оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайы туралы ДОІЖО: М.С. Айтуарова баяндады.

         Биылғы оқу жылында мектебімізде инклюзивті оқытылатын 6 оқушы бар екенін, бұл балалар білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және қолдау көрсете отырып оқытуға мұқтаж екенін айтып өтті. Оқу жылының басында инклюзивті оқушылардың тізімі жасалып, психологиялық – педагогикалық консилиумның жұмыс жоспары құрылғанын, алты оқушының да ОПМПК-нің шешімімен қорытынды алғанын айтты. Инклюзивті оқытылатын оқушылар:

  1. 2 «А» сынып оқушысы Бекет Інжу
  2. 5 «Ә» сынып оқушысы Жедел Қайсар
  3. 6 «Б» сынып оқушысы Байгелді Елубай
  4. 8 «Ә» сынып оқушысы Ақылбек Ұлжан
  5. 8 «Ә» сынып оқушысы Нұғали Нұраман
  6. 9 «В» сынып оқушысы Жұмағұл Дамир

Аталған оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері оқушылардың денсаулығын ескере отырып, жеңіл тапсырма беретіні, оқушылардың сабаққа қатысуы, көңіл күйі сынып жетекшілері тарапынан үнемі қадағаланып отыратыны туралы айтып өтті.

(Анықтама тіркелді).

5.1. Инклюзивті оқытылатын оқушылардың сынып жетекшілері мектеп психологтарымен, мектеп медбикелерімен үнемі байланыста болсын.



Педагогикалық кеңес қаулы етеді:

  1. І тоқсан қорытындысы юойынша білім сапасын төмен көрсеткен 3 «В», 5 «Ә», 7 «В», 8 «Ә», 9 «Ә», 9 «В», 11 «А» - сыныптарының сынып жетекшілері пән мұғалімдерімен тығыз байланыс жасай отырып, сыныптың білім сапасын көтерсін.
  2. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылармен қарым – қатынас орнатқанда педагогикалық жағдайларды ескерсін.
  3. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында сынып жетекшілері ата – аналармен байланыс жасай отырып, жұмыстарын жандандырсын.
  4. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жандандырылсын.
  5. Мектеп психологтары оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізсін.
  6. Инклюзивті оқытылатын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері оқушының жағдайын ескере отырып тапсырмалар берсін.



Мектеп директоры:                                       Б.А. Валиев

Хатшысы                                                         А.Т. Аханшаева



         №3 хаттама

6 қаңтар 2021 жылы №1 орта мектепте өткізілген №3 педагогикалық кеңестің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар:

Күн тәртібі:

1. ІІ тоқсан қорытындысы, білім сапасы, үлгерімі. ДОІЖО: М.С. Айтуарова

2. Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алужәне құқықтық тәрбиені іске асыру бойынша жүргізілген іс-шаралар. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

3. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылармен жұмыс барысы. ДОІЖО: М.С. Айтуарова

4. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңы. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

5. Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:

         ІІ тоқсан қорытындысы, білім сапасы, үлгерімі туралы ДОІЖО: М.С. Айтуарова баяндады.

         №1 орта мектепте 2020 – 2021 оқу жылының ІІ тоқсанында 905 оқушы болып, ұл бала саны – 479, қыз бала саны – 426 екенін, 1-4 сыныптарда 387 оқушы, 5-9 сыныптарда 419 оқушы, 10-11 сыныптарда 99 оқушы білім алып жатқанын айтты.

         ІІ тоқсандағы жалпы білім сапасы – 60% болғанын, І тоқсанмен салыстырғанда + 6%ға жоғарылағанын айта келе, әр сыныптың білім сапасына жеке-жеке тоқтады.

         2-4 сыныптар бойынша юілім сапасы - 66% болып, І тоқсанмен салыстырғанды +5%ға жоғарылағанын айтты. І тоқсанда 44% білім сапасын көрсеткен 3 «В» сыныбы ІІ тоқсанда 53% білім сапасын көрсетіп, +9%-ға жоғарылағанын айтып өтті.

         5-9 сыныптардың ІІ тоқсандағы білім сапасы – 57% болғанын, І тоқсанмен салыстырғанда + 7%-ға жоғарылағанын айта келе, І тоқсанда төмен білім сапасын көрсеткен сыныптардың нәтижесіне тоқтап өтті. 5 «Ә» сыныбы + 7%-ға,  7 «В» сыныбы + 9%-ға, 8 «Ә» сыныбы + 11%-ға, 9 «Ә» сыныбы + 11%-ға, 9 «В» сыныбы + 13%-ға жоғарылағанына тоқтады.

         10-11 сыныптардың білім сапасы І тоқсанмен салыстырғанда + 8%-ға өскенін айтып, І тоқсан соңында білім сапасын төмен көрсеткен 11 «А» сыныбы 53% білім сапасын көрсетіп, + 12%-ға жоғарылағанын айтты.

         І тоқсанда білім сапасын төмен көрсеткен сыныптардың білім сапасы көтерілгенін айта келе, ІІ тоқсан бойынша білім сапасын төмен көрсеткен 5 «Ә», 7 «В», 6 «А», 10 «Ә», 10 «Б» сыныптары туралы мәлімет берді. Жиналыс барысында аталған сыныптардың сынып жетекшілеріне, сабақ беретін пән мұғалімдеріне сөз берілді.

         Негізгі пәндердің оқытылу сапасына талдау жасап, пәндер бойынша ең төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар мен пән мұғалімдеріне де тоқтап өтті. Олар:

1. Қазақ тілі бойынша ең төменгі көрсеткіш:

5 «Ә» сыныбы 48%, пән мұғалімі Қабылбекова Г.

5 «Г» сыныбы 47%, пән мұғалімі Балғабаева С.

2. Ағылшын тілі бойынша ең төменгі көрсеткіш:

5 «Г» сыныбы 44%, пән мұғалімі Рүстемова Ф.

8 «Б» сыныбы 50%, пән мұғалімі Букибаева Д.

3. Алгебра және геометрия пәндері бойынша ең төмен білім сапасы:

7 «В» сыныбы 45%, пән мұғалімі Даниярова Б.

10 «Ә» сыныбы 50%, пән мұғалімі Қазтаева Г.

10 «Б» сыныбы 50%, пән мұғалімі Ибрагимова Н.

(Анықтама тіркелді).

1.1. Білім сапасын төмен көрсеткен сыныптардың сынып жетекшілері пән мұғалімдерімен, ата – аналармен тығыз байланыс орнатып, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар жасасын.

1.2. Білім сапасын көтеру мақсатында 1- сабақтардан «3» алған оқушылармен жұмыс жасау жоғарыда аталған сыныптарда күшейтілсін.

Тыңдалды:

         Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу және құқықтық іске асыру бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ДҚІЖО: Б.Н.Шарипов мәлімет жасады.

         №1 орта мектепте 2020 – 2021 оқу жылының басында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қылмыстың алдын алу мақсатында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен жұмыс жопары бекітілгенін, мектепке құқықтық тәрбие кеңесінің құрамы құрылғанын айтып өтті. Құқықтық кеңес мүшелері:

1. Кеңес төрағасы: мектеп директоры Валиев Б.А.

2. Төрағаның орынбасары: ДҚІЖО Шарипов Б.Н.

3. Кеңестің хатшысы: мектеп тәлімгері

4. Кеңестің мүшесі: ДТІЖО Қапалбаева М.К.

5. Кеңестің мүшесі: мектеп психологы Мауленова А.Ғ.

6. Кеңестің мүшесі: мектеп социологы Аман Ж.А.

7. Кеңестің мүшесі: мектеп психологы Қарақожаева Ж.Т.

8. Кеңестің мүшесі: ЖПҚ УПИ ЮПТ Бейсекеев Т.

         Оқу жылының І жарты жылдығында құқықтық тәрбие кеңесінің екі отырысы болып өткенін, күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралғанын айтып өтті. Қазіргі таңда мектебімізде жасөспірімдер арасында ешқандай тәртіп бұзушылық болмағанын айта келе, 8-11 сынып оқушыларымен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтады.

(Анықтама тіркелді).

2.1. Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбиені іске асыру бойынша жұмыстар әрі қарай жандандырылсын.

Тыңдалды:

         Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылармен жұмыс барысы туралы ДОІЖО М.С. Айтуарова баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылында ПМПК-ның қорытындысы бойынша денсаулығына байланысты 14 оқушы үйден оқытылатынын айтты. Олар:

  1. Көрпеш Маулен 1-сынып оқушысы
  2. Шарден Аман 1-сынып оқушысы
  3. Кенгесбай Дариға 2-сынып оқушысы
  4. Серік Балнұр 2-сынып оқушысы
  5. Бектай Айзат 3-сынып оқушысы
  6. Сәкеев Қайсар 3-сынып оқушысы
  7. Сағынтай Әли 3-сынып оқушысы
  8. Кенгесбай Ерғазы 4-сынып оқушысы
  9. Әбілхан Аяна 6-сынып оқушысы
  10.  Сәкей Аңсар 6-сынып оқушысы
  11.  Серікбай Нұрдәулет 6-сынып оқушысы
  12.  Рамазанов Әділет 6-сынып оқушысы
  13.  Мұсақова Нұрай 8-сынып оқушысы
  14.  Кенгесов Медеу 10-сынып оқушысы

Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері сабақ кестесіне сай сабақ өтіп жүргенін, тоқсан сайын сынып жетекшілері үйлеріне барып оқушылардың жағдайын зерделеп отырғанын айтты. Жаңа жыл мерекесіне барлық оқушыларға бірдей мерекелік сыйлықтар таратылғанын айтып, Сағынтай Әли мен Серікбай Нұрдәулетке қыстық киімдер берілгенін айтып өтті.

(Анықтама тіркелді).

Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың сынып жетекшілері әлеуметтік педагогпен байланыста болып, жұмыстарын жандандырсын.

Тыңдалды:

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңының орындалуы туралы ДҚІЖО: Шарипов Б.Н. баяндады.

         №1 орта мектепте жемқорлыққа қарсы күрес жоспарға сәйкес атқарылып айтып, атқарылған жұмыстарға тоқтады. Қашықтықтан оқуға байланысты сынып сағаттары Zoom платформасымен өтілгенін айтты. «9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жиналыс өткізілгенін, мектеп оқушылары мен ата – аналардан әлеуметтік сауалнамалар алынғанын айтып өтті. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар сыбайлас жемқорлықтың зияны мен кері әсерлері туралы толық ақпаратталғанын, ата – аналардың мектеп ұжымына шағымы жоқ екенін айтты.

Әлемнің барлық елдері күресіп отырған күрделі қоғамдық мәселелердің бірі – жемқорлық екенін айта келе, жоғары сыныптың сынып жетекшілері осы тақырып негізінде жұмыстарын жандандыруы керек екеніне тоқтады.

(Анықтама тіркелді).

4.1. Мектеп ұжымының, оқушылардың, ата – аналардың арасында сыбайлас жемқорлықтың мәні мен зардабы туралы насихаттау жалғасын тапсын.

         Тыңдалды:

         Бастауыш сыныптардағы кезекші сыныптар мен 9-11 сыныптардың аралас форматта оқытылуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мектеп директоры Б.А. Валиев мәлімет берді.

         2020 – 2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында бастауыш сыныптарда ата – ананың өтініші бойынша 15 оқушыдан тұратын кезекші сыныптар ашылатынын, қалған оқушылар қашықтықтан оқитынын айтып өтті.

         9-11 сыныптар аралас форматта оқытылуына байланысты оқыту пәндерінің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқитынын айтты. 9 «А», 11 «Ә» сыныптардағы оқушы санының көп болуына байланысты 9 «Г», 11 «В» сыныптары ашылатынын айта келе, 9 «Г» сыныбына Ташимбаева Г., 11 «В» сыныбына Тажимбетов Т. Сынып жетекші болатынын айтып өтті.

         Бастауыш сыныптардағы кезекші сыныптардың сынып жетекшілері мен 9-11 сыныптардың сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қауіпсіздік шараларын, санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек екенін ескертті. Оқушылардың температурасын күнде таңертең тексеріп, сабаққа жіберуді мектеп медбикесі Қ. Утеповаға міндеттесе, кезекші сынып кабинеттерінің тазалығын қадағалауды мектептің шаруашылық меңгерушісі А. Тоғайбекұлына жүктеді. Мектептегі қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауды ДОІЖО М.С. Айтуароваға міндеттеді


Педагогикалық кеңес қаулы етеді:


  1. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын төмен көрсеткен  5 «Ә», 7 «В», 6 «А», 10 «Ә», 10 «Б» сыныптардың сынып жетекшілері ата – аналармен, пән мұғалімдерімен байланыс орната отырып, сыныптың білім сапасын көтерсін. Сынып жетекшілері жұмыстарын жандандырсын.
  2. Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбиені іске асыру бойынша жүргізілген іс-шаралар «қанағаттанарлық» деп табылсын. Құқықтық кеңес мүшелері жоспарға сай жұмыстарын жалғастырсын.
  3. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың сынып жетекшілері әлеуметтік педагогпен, мектеп психологтарымен тығыз байланыста болсын. Аталған оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдері оқушының денсаулығын ескере отырып, сабақ өтсін.
  4. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңы аясында атқарылған іс-шаралар «қанағаттанарлық» деп табылсын.


Мектеп директоры:                                       Б.А. Валиев

Хатшысы                                                        А.Т. Аханшаева





Похожие публикации:

09 сентябрь 2020 Қамқоршылық кеңес
17 сентябрь 2020 Ата-аналармен жұмыс
28 август 2020 Жылдық жоспар
27 сентябрь 2017 Мектеп тарихы