«Менің қолымнан бәрі келеді» » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің қолымнан бәрі келеді»
15
октябрь
2024

«Менің қолымнан бәрі келеді»

2024–2025 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру саласы бойынша өткізілген іс-шаралар кестесінің орындалуы туралы
 АНЫҚТАМА

Іс-шара тақырыбы: «Менің қолымнан бәрі келеді»
 Сынып: 3-сынып білім алушылары
 Қатысқандар саны: 89 білім алушы
 Өткізу мерзімі: Қазан айы
 Әдіс түрі: Түрлі бұйымдар жасау
 Қосымша: Білім алушылардың барлығына әр түрлі құрал-саймандар алып келу тапсырылды.

Мақсаты:
 «Менің қолымнан бәрі келеді» атты тақырып аясында балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қолдау, сурет салу арқылы әр баланың өзіндік жеке болмысын көрсету, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, мамандық ерекшеліктерінің маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық қиялын ояту;
  • Талантты оқушыларды анықтап, олардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
  • Оқушылардың сурет салуға деген бейімділігін дамыту.

Қорытынды:
 2024–2025 оқу жылы барысында №1 орта мектебінің 3-сынып білім алушыларымен кәсіби бағыттағы «Менің қолымнан бәрі келеді» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 89 білім алушы толық қатысты. Оқушылар түрлі түсті қағаздар, желім және басқа да қажетті құрал-саймандарды өздерімен бірге алып келді. Нәтижесінде, балалар өз қабілеттерін көрсетіп, қол икемділіктерін шыңдады. Олар сурет салып, ермексаздан жануарлар (ит, мысық) мен табиғат көріністерін жасап, өз қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін танытты.

#medetbekovameruert
 #birtutas_tarbie
 #Біртұтас_тәрбие
 #Біртұтас_тәрбие_жамбыл

https://www.facebook.com/share/p/1UhRrHQxJ4/

 

Кәсіби бағдар беруші педагогы :                                         Азаматоав Р.К