"Буккроссинг мектепте" акция
Мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Буккроссинг мектепте» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың мақсаты оқушылардың бойына кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын ояту. «Мен және кітап» сауалнамасы 1-4 және 5-8 сынып оқушыларынан алынды. Сауалнамаға 45 оқушы қатысты. 2018 жылы 18 қазанда «Кітап асып-таспайтын асыл қазынамыз» кітапханалық сабақ 4 б сыныбында өтті, 25 оқушы қатысты.