Кездесуге шаштараз, визажист, тырнақ әрлеуші мамандары мен осы салаға қызығушылық танытатын білім алушылар қатысты. Өз кезегінде шараға қатысушы мамандар өз мамандықтарының маңыздылығы мен сұранысы туралы жан-жақты ақпарат айтып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолындағы қызықты оқиғаларын әңгімеледі. Шараның маңызды бөлігі – практикалық сабақтар болды. Шаштараздар шаш қию, сәндеу және бояу тәсілдерін көрсетсе, визажистер бет әрлеудің заманауи әдістерін таныстырды. Косметологтар тері күтімі бойынша мастер-класс өткізіп, кәсіби құралдар мен өнімдерді дұрыс қолдану жөнінде ақпарат берді. Қатысушылар мамандардың көмегімен өз беттерінше жаттығып, жаңа дағдыларды меңгерді. Кеш барысында мамандықтар әлеміне сапар шегіп, өз өнерлерін көрсеткен өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-кдомсыйлады. Әсем әндер шырқалып, мамандықтардың бастан кешкен қызықты сәттерінен қойылымдар қойылды. Бұл сәт кештің әсерлі әрі есте қаларлықтай болуына ықпал етті. Кездесуді қорытындылаған аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Жалғасқызы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, оқушылардың болашақта өз қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келетін мамандықты анықтауға, жеке таңдау жасауға үлкен септігін тигізетінін айта отырып, өз іс-тәжірибе, кеңестерімен бөліскен қонақтарға алғысын білдірді. Ал, бүгінгі оқушы, ертеңгі маман иесі атанар оқушыларға сәттілік тіледі. |