30 қыркүйек 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы. » Сш им 30 лет Поб.
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№1 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 30 қыркүйек 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.
30
сентябрь
2020

30 қыркүйек 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.

Хаттама №1

30 қыркүйек 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №1 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшысы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар: 92 мұғалім


Күн тәртібінде:

1.Мектепішілік және АІІБ ЮП бөлімінде профилактикалық тізімдік есепте тұратын оқушылармен жұмыс барысы. Тәртіп бұзушылыққа бейім оқушылардың үйірмеге, қоғамдық жұмысқа қатысуы.ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

2. Оқушыларды дәрігерлік тексеруден қткізу қорытындысы. Мектеп медбикесі: Утепова Қ.

3. Кқпбалалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы балаларынығ оқулықпен, ыстық тамақпен қамтылуы. Әлеуметтік педагог: Аман Ж.

4. «Тіл туралы» Заңның орындалу барысы. ДТІЖО: Қапалбаева М.

5. 2020 – 2021 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылу барысы. Кітапханашы: Абдыкадырова А.

6. Суицидтің алдын алуға арналған жұмыстар. Мектеп психологы: А.Мауленова.


Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ДҚІЖО Шарипов Б. баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылында №1 орта мектепте АІІБЮП бөлімінде профилактикалық тізімдік есепте ешқандай оқушы тұрмайтынын айтты. Дегенмен де, мектепте тәртіп бұзушылыққа бейім оқушы бар екенін айтыпөтті.

         9 «В» сынып оқушысы Кенжехан Ернардың әлеуметтік жағдайы төмен екенін, ата – анасының ажырасқанын, оқушы әкесінің тәрбиесінде екеніне тоқтады. Оқушының сабаққа уақытында қатыспайтыны, сынып жетекшісі А.Кутимованың бірнеше рет оқушының үйіне барғаны туралы айта келе, Кенжехан Ернар 2019 – 2020 оқу жылында қаңғыбастығы үшін Жамбыл АІІБ ЖПҚ ЮПБ жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар санатына есепке алынғаны еске түсірді. Оқу жылының соңына дейін оқушының бұл есептен шығарылғанына да тоқталды. Аталған оқушымен мектеп психологтары сынып жетекшісімен бірге жұмыс жасау керек екенін айтты.

(Анықтама тіркелді).

1.1.Кенжехан Ернардың ата – анасымен сынып жетекшісі тығыз байланыста болсын.


Тыңдалды:

         Оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізудің қорытындысы туралы мектеп медбикесі Қ. Утепова мәлімет жасады.

         «COVID-19» вирусының белең алуы қоғам денсаулығына, соның ішінде балалардың денсаулығын бақылау іс-шараларын нығайтуды талап етіп отырғанын айтып, мектептегі оқушылардың денсаулық деңгейлерінің қалыпты болуын қадағалап, түсіндірме және ескерту, бақылау жұмыстарын күнделікті атқарып отырғанын айтып өтті.

         Кезекші сыныптардағы оқушылардың таңертең дене қызулары тексеріліп, бетперделерінің болуы қадағаланып, кестеге сәйкес үзіліс сайын кварцтау, желдету және тазарту жұмыстары қолға алынғанын айтты.

         2020 – 2021 оқу жылында 1-сыныптағы 89 оқушыға R-манту сынамасы салынғанын, 61 оқушыда оң нәтиже көрсетіліп, БЦЖ вакцинасы салынғанын айтып өтті. Күдікті есебіне алынған 15 оқушыға желтоқсан айында қайта манту сынамасы салынса, 13 оқушы 1 жылға есепке алынып, медициналық тексерістерге жолдама берілгеніне тоқтады.

         6 – 16 жас аралығындағы оқушыларға кезектеріне сәйкес екпе салдыру бойынша сынып жетекшілері мен ата – аналарға түсінідру жұмыстары жүргізіліп аудандық емханада оқушыларға екпе салу қадағаланып отырғанын айтты.

(Анықтама тәркелді).

2.1.Оқушылардың уақытында екпе салдыруын сынып жетекшілері қадағалап отырсын.

2.2. Кезекші сыныптардағы оқушылардың гигиеналық тазалығына сынып жетекшілері жауапкершілікпен қарасын.

Тыңдалды:

         Көпбалалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы  балаларының оқулықпен, ыстық тамақпен қамтылуы туралы әлеуметтік педагог Ж. Аман баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылында №1 орта мектептегі аз қамсыздандырылған отбасыдан шаққан оқушылар саны 130 оқушы екенін, отбасы саны – 45 отбасы екенін, атаулы әлеуметтік көмек алатын 40 отбасы екенін, АӘК алатын отбасындағы оқушылар саны – 120 оқушы екенін жеке-жеке атап көрсетті. Көпбалалы отбасы саны – 153 болып, ондағы бала саны – 687 оқушы екенін айта келе, аз қамсыздандырылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар түгел оқулықпен қамтылғанын, ата – аналар тарапынан еш шағым түспегенін айтып өтті.

         Тегін ыстық тамаққа жартылай жетім, тұл жетім, көпбалалы, аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасындағы балалар зерделеніп, 95 баланың тізімі жасалғанын, аталған оқушылардың тізімі ауылдық әкіммен келісіліп, мектеп директорымен бекітілгенін айтты. Коронавирустық пандемияға байланысты қашықтықтан оқу кезінде бір реттік тегін ыстық тамақ берілмей жатқанына тоқталды.

(Анықтама тіркелді).

3.1. Аталған сыныптардағы оқушылардың қашықтықтан сабақ оқу мүмкіндіктерін сынып жетекшілері қадағалап отырсын.


Тыңдалды:

 Тіл туралы заңның орындалу барысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Қапалбаева баяндады.

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңның орындалуы мектептің жылдық жоспарына енгізілгенін, 7 – 11 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай жоспар жасалып, бекітілгенін, жоспардағы барлық іс-шаралар онлайн форматта өткізілгенін айтып өтті.

«Тілім – тірегім» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын бастауыш сынып жетекшілері Zoom платформасы арқылы өткізсе, «Тілге  құрмет – елге құрмет!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаттарын 5 – 9 сынып жетекшілері де Zoom платформасы арқылы өткенін айтты. Жоспар бойынша атқарылған іс-шаралар туралы толық мәлімет жасады.

(Анықтама тіркелді).

4.1. Әлеуметтік желіге жарияланатын бейне жазбалардың сипатына, тәрбиелік мәніне сынып жетекшілері жауапкершілікпен қарады.

Тыңдалды:

         2020 – 2021 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы мектеп кітапханашысы А. Абдыкадырова мәлімет берді.

         Биылғы оқу жылындағы жалпы кітап қоры 30465 дана болып, негізгі қорда 6579 дана екенін, оның ішінде 17275 дана оқулық, 208 дана әдістемелік, 94 дана электрондық оқулық екенін айтты. Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары санының өсуіне байланысты мектеп кітапханаларымен байланысып, өзара оқулық алмасу әдісімен 2-3-5-7-8 сынып оқулықтары алынып, оқушылар түгел оқулықпен қамтылғанына тоқтады. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі әр сыныптағы оқушы саны, комплект саны, берілген оқулық саны туралы толық мәлімет берді.

(Анықтама тіркелді).

5.1.Сынаптардағы оқулықтардың таза сақталуы мен жоғалып кетпеуіне сынып жетекшілері жауапты болсын.


Тыңдалды:

         Суицидтің алдын алуға арналған жұмыстар туралы мектеп психологы А. Мауленова баяндады.

         Баланың санасына, психикалық денсаулығына әсер ететін факторларды топтастыру нәтижесінде анықталған себептерге тоқтады. Бірінші себебі – баланың өзінің психикалық және физикалық денсаулығы, екінші себебі – отбасылық факторлар, үшінші себебі – көше, төртінші себебі – мектеп екенін айтып, осы орайда, мектеп мұғалімдерінің психологиялық сауаттылығы жоғары болуы керектігін айтып өтті. Мұғалімдер тарапынан жасөспіріпмдердің психикалық денсаулық туралы сауаттылығын артттыру бойынша бірнеше мәліметтерді ұсынды.

     Қазіргі қашықтықтықтан оқу кезінде әрбір оқушының отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып сабақ өтуге, мұғалімдер сабырлық танытып, әрбір оқушының кейбір кемшіліктеріне ақылдылықпен жауап қайтаруға шақырды.

      Суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтай келе мектебімізде келеңсіз жағдайлар орын алмағанын айтып өтті

(Анықтама тіркелді).

6.1. Мектеп мұғалімдері бала алдындағы ұстаздық міндетін атқара отырып, педагогикалық ұстанымды кәсіби этикасын ұмытпасын.




Директор жанындағы мәжіліс шешім етеді:


1. Тәртіп бұзушылыққа бейім оқушыларды үйірмелерге, қоғамдық жұмыстарға қатыстыруға сынып жетекшілері атсалыссын.

2. БЦЖ вакцинасы нәтижесінде күдікті есебіне алынған оқушылар және 1 жылға есепке алынған оқушылардың ата-аналарымен мектеп медбикесі байланыста болсын.

3. Көпбалалы, тұрмысы төмен, аз қамсыздандырылған отбасы балаларының қашықтықтан оқуға мүмкіндігі сынып жетекшілері тарапынан қадағалауға  алынсын. Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілері байланыста болсын.     4. «Тіл туралы» заңның орындалуы барысындағы атқарылған іс-шаралар «қанағаттанарлық» деп табылсын.   

5. Оқулықтардың жоғалмай, жыртылмай, талапқа сай болуын қадағалау сынып жетекшілерге міндеттелсін.

6. Сынып жетекшілері сыныптағы оқушылардың отбасындағы жағдайы тұрмыстық жағдайы, қарым-қатынас ерекшеліктері туралы толық әрі уақытылы хабардар болып отырсын.   


        Мектеп директоры:                       Валиев Б.А.

        Хатшысы:                                      Аханшаева А.Т.






Хаттама №2

29 қазан 2020 жылы №1 орта мектепте Zoom платформасы арқылы қашықтықтан өткізілген №2 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшысы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар: 94 мұғалім


Күн тәртібінде:

1. Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға кезеңіндегі қалыптасуы. Мектеп психологы: Қарақожаева Ж.Т

2. Қамқоршы бағымындағы балалардың күзгі тексерілуі. Әлеуметтік педагог: Аман Ж.А.

3. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс барысы. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

4. Дене шынықтыру, АӘД, көркем еңбек, музыка пәндері бірлестігінің айлығы, пәндердің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы. ДӘІЖО: Жаманбаева Х.С.




Тыңдалды:

         Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезеңіндегі қалыптасуы жөнінде мекьеп психологы: Ж.Т. Қарақожаева баяндады.

         2020-2021 оқу жылында мектептегі 5-сынып оқушыларының саны-99 оқушы екенін, 5 «А» сыныбында 20 оқушы, 5 «Б»сыныбында 22 оқушы, 5 «В» сыныбында 20 оқушы, 5 «Г» сыныбында 17 оқушы екенін айтып өтті.

         Қазіргі қашықтықтан оқу кезінде аталған сыныптардың орта буынға бейімделуі өзекті мәселелердің бірі екеніне тоқтады. Оқушылардың орта буында оқуға бейімделуіне педагогикалық-психологиялық көмек көрсету жұмыстарының мақсаттарымен таныстырды.

         Қыркүйек айында білім алушылардың сыныптық ұжымының психологиялық ахуалы, бір-бірімен өзара қарым-қатынастары сырттай бақыланып, назарға алынғанын айтты.

         Қазан айында «Мен және менің ата-анам» тақырыбында алынған сауаланма нәтижесі туралы толық мәлімет жасады. 

(Анықтама тіркелді)

         1.1 Сынып жетекшілер   оқушылардың ата-аналарымен өзара тығыз байланыс орната отырып, оқушылардың орта буынға бейімделуіне көмек көрсетсін.

Тыңдалды:

         Қамқоршы бағымындағы балалардың күзгі тексерілуі туралы әлеуметтік педагог: Ж.А.Аман мәлімет берді.

1. Паплихина Жасмин-отбасы үлгісіндегі бала, 1-сыныпта оқиды.

2. Осман Айару-отбасы  үлгісіндегі бала, 2-сыныпта оқиды.

3. Байконуров Алихан- отбасы үлгісіндегі бала, 3-сыныпта оқиды.

4. Талғатұлы Арман –патронат, 5-сыныпта оқиды.

5. Якубов Әлішер-патронат, 5-сыныпта оқиды.

6. Якубова Айша-патронат, 6-сыныпта оқиды.

7. Байконуров Бақытбек- отбасы үлгісіндегі бала, 6-сыныпта оқиды.

8.Серікбай Нұрдаулет-опекунь, денсаулығына байланысты үйден оқытылады.

9. Сатыбалды Ильяс- отбасы үлгісіндегі бала, 8-сыныпта оқиды.

10. Байконуров Алмат- отбасы үлгісіндегі бала, 9-сыныпта оқиды.

11. Керімқұлова Жасмин- отбасы үлгісіндегі бала, 11-сыныпта оқиды.

         Осы оқушылардың үйлеріне рейд ұйымдастырылып, оқушылардың тұрмысы, ата-аналарымен қарым-қатынасы, қашықтықтан сабақ оқуға жағдайы зерделенгенін айтты. Қамқоршы ағымындағы балалардың жағдайы өте жақсы екенін айта келе, қорғаншы-қамқоршы ата-аналардан ешқандай арыз түспегеніне тоқтады.

(Анықтама тіркелді)


2.1. Қамқоршы бағымындағы оқушылардың сабаққа қатысуын, отбасындағы қарым-қатынасын сынып жетекшілері қадағалап тұрсын.

Тыңдалды:

         Сабақтан себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс барысы туралы ДҚІЖО: Б.Н. Шарипов баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылының қыркүйек, қазан айларында кейбір оқушылардың сабаққа себепсіз қатыспауы туралы пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері тарапынан мектеп әкімшілігіне шағым түскенінін айтты. Осы шағым негізінде оқушылардың сабаққа қатысу зерделенгенін, нәтижесінде сабаққа себепсіз  қатыспайтын оқушылар анықталғанын айтып өтті. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар:

1. 5 «Г» сынып оқушысы Талғатұлы Арман.

2. 5 «Г» сынып оқушысы Болатбек Шәкәрім

3. 7 «Ә» сынып оқушысы Тоқтасын Абылай

4. 8 «Б» сынып оқушысы Жамбыл Ерасыл

5. 9 «Б» сынып оқушысы Кенжехан Ернар

         Аталған оқушылардың үйлеріне ДҚТІЖО; Б.Н. Шарипов пен мектеп психологі: А.Ғ. Мәуленова рейд ұйымдастырғанын, рейд барысындағы әр оқушының әлеуметтік жағдайы, ата-анасы, сабаққа қатыспау себептері туралы айтып өтті. Осы оқушылардың ішіндегі Кенжехан Ернардың әлеуметтік жағдайы төмен екенін, ата – анасы 20015 жылы сот шешімімен ажырасқанын, Ернар қазіргі уақытта әкесінің тәрбиесінде екенін айтты. Ернардың психологиялық мінездемесі жазылып, психологиялық – диагностикалық картасы толтырылып, оқушыға педагогикалық және психологиялық көмек көрсетілгеніне тоқтады.

         Аталған оқушылардың сынып жетекшілері де ата – аналарымен байланыста екенін, үйлеріне барып оқушының жеке өзімен, мотбасы мүшелерімен сөйлескенін айтып өтті.

(Анықтама тіркелді).

3.1. Жоғарыда аты аталған оқушылардың мектеп өміріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп псилогтары қосымша жұмыстар атқарсын.




Тыңдалды:

         Дене шынықтыру, АӘД, көркем еңбек, музыка пәндерінің бірлсетігі айлығы, пәндердің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы туралы ДӘІЖО Х.С. Жаманбаева мәлімет жасады.

         2020 жылдың қазан айында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жылдыұ жоспарына сәйкес дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек пәндері айлығы өткенін айтты. Бірлестіктің айлық жоспары жасалып, бекітілгенін, барлық іс-шаралар онлайн режимде жоспарланғанын айтып өтті. Қазанның бесінде «Өнерлі істе жеміс бар, өрелі істе жеңіс бар», «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ!» тақырыптарында айлықтың ашылуы онлайн түрде өткенін айта келе, бірлестіктердегі пән мұғалімдерінің өткен ашық сабақтарына жеке-жеке тоқтады. Дене шынықтыру бірлестігінде Б. Шариповтың 6 «Ә» сыныбындағы «Спорт – денсаулық кепілі!» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өткенін айтты, сабақ кезеңдері логикалық реттілікке ие екенін, қойылған сұрақтар оқушылардың ойын, іс-әрекетін дамытуға арналғанын атап айтты.

         Көркем еңбек, музыка бірлестіктеріндегі ашық саюақтары жоғары деңгейде өткен Т. Исакова, Б. Ратов сияқты пән мұғалімдерінің сабақтарына талдау жасай келе, «Тәуелсіз елдің өнерлі ұландары!» тақырыбында , бұл патриоттық әндер челленджі өткенін айтты.

         «Бармағынан бал тамған!» тақырыбында онлайн көрме өткенін, көрмеде оқушылардың өздері жасаған бұйымдары көрсетілгенін, бұл жұмыс әлеуметтік желіге таралғанын айтып өтті.

         Айлық барысындағы орын алған бірқатар кемшіліктерге де тоқтады. Кейбір жоспарланған іс-шаралар өткізілмегенін, дене шынығтыру пәнінің мұғалімдері Н. Алтауов, Ж. Бибазаров, А. Дайырханов және көркем еңбек пәні мұғалімдері Д. Патаев, Г. Асқарова сияқты мұғалімдер жоспардағы сабақтарын өтпегенін айтты.

(Анықтама тіркелді).

4.1. Дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек пәндері айлығы өз деңгейінде өтілмеді деп есептелсін.

4.2. Айлық барысында жоспарланған сабақтарын өткізбеген мұғалімдер ІІ тоқсан барысында бақылауға алынсын.



Директор жанындағы мәжіліс шешім етеді:


1.Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты сауалнама, топтық кеңес беру жұмыстары мектеп психологтары тарапынан жалғастырылсын.

2. Қамқоршы бағымындағы балалардың күзгі тексерісі «қанағаттанарлық» деп танылсын.

         Қамқоршы бағымындағы оқушылардың сынып жетекшілері әлеуметтік педагогпен байланыста болсын.

3. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылармен жұмыс жандандырылсын.

         Аталған оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің назарында болсын.

4. Дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка пәндері айлығы мамыр айында қайта өткізілсін.


        Мектеп директоры:                       Валиев Б.А.

        Хатшысы:                                      Аханшаева А.Т.






Хаттама №3

30 қараша 2020 жылы №1 орта мектепте өткізілген №3 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшысы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар: 95 мұғалім


Күн тәртібінде:

1.Мектептің іс-құжаттарының жүргізілуі. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

2. Мектепалды даярлық топтарында инвариантты және вариативті оқыту компонеттерінің жүзеге асырылуы. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

3. Химия, биология, физика кабинеттерінде, шеберхана мен спорт залында техника қауіпсіздігінің сақталуы. Еңбек жөніндегі нұсқаушы: Б.Жамансариев  

4. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің айлық пәннің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.

5. Оқушылар тасымалының жағдайы. ДҚІЖО: Шарипов Б.Н.


Тыңдалды:

         Мектептің іс-құжаттарының жүргізілуі туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Айтуарова баяндады.

         2020 – 2021 оқу жылының 18-20 қараша аралығында мектептің іс-құжаттарының жүргізілуі тексерілгенін айтты. Тексеру барысында мектептің алфавиттік кітапшасынан біраз кемшіліктер анықталғанын айтып өтті. 2018 – 2019 оқу жылында Шатаева В. алфавиттік кітапшаға даярлық топтың балаларын тіркеп қойғаны анықталғанын айта кетті.

А – 191, 197, 200, 204

Ә – 85, 86, 88, 92

Б – 168, 172, 174, 175

Д – 26, 27; Е – 61, 64; К – 51, 53; М – 115 – 123 реттік сандары жарамсыз болып табылатынын айтып өтті.

         Сынып құжаттарын талапға сай реттемеген сынып жетекшілері де анықталғанын атап өтті. Олар:

5 «Б» сынып жетекшісі Амангелді Е.

7 «А» сынып жетекшісі Таутаева Ғ.

9 «А» сынып жетекшісі Үсіпбекова Г.

11 «Б» сынып жетекшісі Дәулетбекова М.

         Аталған сынып жетекшілері қазіргі таңда құжаттарын реттігеніне тоқтады.

         Мектеп мұғалімдерінің жеке құжаттарын тексеру барысында бірнеше мұғалімдердің дипломының қосымшасы жоқ екені анықталғанын айтты. Олар: Б. Ратов, А. Суетова, А, Қойшыбаева, Г. Асқарова, Н. Алтауов, Х. Қолдасбаева.

(Анықтама тіркелді).

1.1. Мектеп мұғалімдері жеке құжаттарына жауапкершілікпен қарасын.

1,2, Сынып жетекшілері сынып құжаттарын талапқа сай реттесін, кемшіліктер түзетілсін.


Тыңдалды;

         Мектепалды даярлық топтарындағы инвариантты және вариативті оқыту компонеттерінің жүзеге асырылуы туралы   ДОІЖО: Айтуарова М.С. мәлімет жасады.

         2020 – 2021 оқу жылында №1 орта мектепте 3 даярлық тобы бар екенін, 64 бала қашықтықтан білім алып жатұанын айтты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспары бойынша мектеп алды даярлық топтарының апталық жүктемесі 17 сағат, вариативтік компонент 3 сағат, жалпы  20 сағатты құрайтынына тоқтады. Қазіргі таңда мектепалды дарлық топтары «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы».

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алатыны мәлімдеді. Мектепалды даярлық топтарының қашықтықтан кіріктірілген сабақ кестесі құрылғанын, 15 минуттан артық емес қашықтықтан оқыту форматында сабақтар жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес мектепалды даярлық топтарының журналы электронды жүйеге көшкенін айтты.

(Анықтама тіркелді).

2.1. Мектепалды даярлық топтарының жетекшілері балалардың сауаттылығы мен танымдық кабинетінің дамуына ерекше көңіл бөлсін.


Тыңдалды:

         Үшінші мәселе бойынша еңбек жөніндегі нұсқаушы Б.Б.Жамансариев баяндады.

         Химия, физика, биология кабинеттерінде, шеберхана мен спорт залында техника қауіпсіздігінің сақталуы туралы толық мәлімет берді. Аталған кабинеттердегі анықталған кейбір кемшіліктерге тоқтады. Физика кабинеттері ғимараттың 3-қабатта орналасқанын, №16 кабинетте мұғалімнің жұмыс істеуіне қажетті мінбе жоқ екенін, су, кәріз жүйелерімен жабдықталмағанын айтып өтті.

         Химия кабинеті мектеп ғимаратының 1-қабатында орналасқанын, бірақ химия кабинеті 1-қабатта орналасуы керек екенін, кабинеттің орналасуы талапқа сай келмейтінін айтты. Кабинет соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталғанын, ауа алмастыру қондырғысыны жалғанбағанын айтып өтті. Биологгия, шеберхана, спорт залдағы текхника қауіпсіздігінің сақталуы туралы жеке-жеке тоқтады.

(Анықтама тіркелді)

3.1. Оқу кабинеттері стандартқа сай жабдықталсын.

3.2. Кабинет жиһаздары оқушылардың жас мөлшеріне сай орналастырылсын.

Тыңдалды:

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің айлығы, пәннің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы туралы ДӘІЖО: Х.С.Жаманбаева баяндады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде 7 мұғалім дәріс беретінін, олардың еңбек өтілі, санаты туралы түгел мәлімет берді. Мектептің жылдық жоспарына сәйкес 02-27 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» тақырыбында айлығы өткенін айтып, айлықтың мақсаты, жоспары туралы жеке-жеке тоқтады. Айлық барысындағы ашық сабақтар, іс-шаралар қашықтықтан өткізілетінін айтып, қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығына, ұлы даланың ұлы тұлғасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, қазақ халқының атақты батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай өткізілген әрбір іс-шараға ерекше тоқтап өтті.

Г.Т.Үсіпбекованың 9 «А» сыныбындағы «Кенесары-Наурызбай» жыры тақырыбындағы ашық сабағына, Қ.Ж.Қолдасбаеваның 6 «В»  сыныбындағы «Астана-болашақтың қаласы» тақырыбындағы ашық сабағына, А.Т.Аханшаеваның 7 «А» сыныбындағы «Сүйіспеншілік-тіршіліктің негізгі тірегі» тақырыбындағы ашық сабағына, Б.А.Төлебекованың 5 «Б» сыныбындағы «Қазақстанның қызыл кітабы» тақырыбындағы ашық сабағына, Г.М.Қабылбекованың 5 «Ә» сыныбындағы «Өсімдік және музыка» тақырыбындағы ашық сабағына, С.Е.Балғабаеваның 10 «Ә» сыныбындағы «Ақбілек» тақырыбындағы ашық сабағына талдау жасады. «Zoom» платформасымен сабақ өтуге мұғалім де, оқушы бейімделгенін айта келе, айлық барысындағы жетсістіктер мен кемшіліктерге тоқтады.

(Анықтама тіркелді)

4.1. Пән мұғалімдері оқушылардың айтылым дағдысына назар аударсын, оқушыларға көркем шығармалар оқуды ұсынсын.

4.2. Тіл мерейін көтеру мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар одан әрі жандандырылсын.

4.3. Пән мұғалімі Балғабаева С.Е. әріптестерінің сабақтарына жиі қатысып, тәжірибе жинақтасын.

Тыңдалды:

Оқушылар тасымалының жағдайы туралы ДҚІЖО: Шарипов Б. баяндады.

2020-2021 оқу жылында №1 орта мектепте тасымалданатын оқушылар саны 21 оқушы екенін айтып, оқушылар туралы толық мәлімет беріп өтті. Аталған оқушылар кезекші сынпытарда оқитынын, оқушыларды тасымалдау кезінде пандемияға байланысты сақтық шаралары қатаң сақталынып жатқанын айтты. Оқушыларды тасымалдау кезінде ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алмағанын, осы орайда сынып жетекшілердің еңбегі ерекше екенін айтып өтті.

(Анықтама тіркелді)

5.1. Оқушыларды шығарып салу, күтіп алу сынып жетекшілер мен ата-аналарға міндеттелсін.

5.2. Оқушыларды тасымалдау кезінде пандемияға байланысты сақтық шаралары қатаң сақталсын.


Директор жанындағы мәжіліс шешім етеді:


1. Алфавиттік кітапшадағы А-191, 197, 200, 204; Ә-84, 85, 86, 88, 92; Б-168, 172, 174, 175; Д-26, 27; Е-61, 64; К-51, 53; М-115, 123 реттік сандары жарамсыз деп табылсын.

2. Мектепалды даярлық топтарының топ жетекшілері сабақ кестесіне сай сабақ өткізсін.

3. Химия, физика, биология кабинеттеріндегі, шеберхана мен спорт залындағы техника қауіпсіздігі ережелері талапқа сай жүргізілсін.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлығы, пәннің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.

5. Кезекші сыныптардағы оқушылардың тасымалына сынып жетекшілері жауапкершілікпен қарасын.

         Оқушыларды тасымалдау кезіндегі сақтық шараларын бақылау ДҚІЖО: Б.Н.Шариповқа міндеттелсін.



                      Мектеп директоры:                                Валиев Б.А.

                     Хатшысы:                                                Аханшаева А.Т.






Хаттама №4 

29 желтоқсан 2020 жылы №1 орта мектепте өткізілген №4 директор жанындағы мәжілістің хаттамасы.


Төрағасы: Валиев Б.А.

Хатшысы: Аханшаева А.Т.

Қатысқандар: 95 мұғалім

 Күн тәртібінде:


 1.Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілдері пәндері бірлестігінің айлығы, пәндердің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы. ДӘІЖО: Жаманбаева Х.С

2. «Қиын балалармен» және олардың ата-аналарымен жұмыс барысы. ДҚІЖО: Шарипов Б. Н.

3. Күнделік кз электронды жүргізілу барысы. ДОІЖО:Айтуарова М.С.

4. Патриоттық тәрбие жұмысының барысы. ДТІЖО: Қапалбаева М.К.

5. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс барысы. Мектеп психологы: Мауленова А.Ғ.

6. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары. ДОІЖО: Айтуарова М.С.

7, Дарынды оқушылармен жұмыстың жүргізілу барысы. ДӘІЖО: Жаманбаева Х.С.

8. Әртүрлі мәселелер.



Тыңдалды:

     Бірінші мәселе бойынша ДӘІЖО: Х.С.Жаманбаева баяндады.

        2020-2021 оқу жылындағы мектептің жылдық жоспарына сәйкес желтоқсан айында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің айлығы өтілгенін, айлық аясында пәндердің жүргізілу барысы зерделенгенін айтып өтті.

         Орыс тілі пәні бірлестігінде 12 мұғалім дәріс беретінін, оның ішінде төртеуі жас маман екеніне тоқтады. Олар: Нұрманбай А.Е, Амангелді Е.Е, Қуанышбекова И.Т, Абылқайырова Г.С.

Айлық барысында мұғалімдердің орыс тілі онлайн сабақтарының жүргізілу сапасы қаралғанын, бірлестік мұғалімдері өз сабақтарын жақсы жағынан көрсете алғанын айта келе, пән мұғалімдерінің сабақтарына жеке-жеке тоқтады.

Е.Е.Амангелдінің 5 «А» сыныбындағы «Чем пахнут ремёсла?» тақырыбындағы сабағына талдау жасады. Сабақ ватсап мессенджері мен daryn.online платформасы арқылы өткенін, сабақтағы мұғалім және оқушы іс-әрекеттері, тапсырмалардың орындалуы туралы толық мәлімет беріп, сабақтың орташа деңгейде өткенін айтып өтті.

А.Е.Нұрманбайдың 4 «Б» сыныбындағы «Профессий искусства» сабағына талдау жасай отырып, оқушылардың белсенділігі орташа екенін айтты.

Г.С.Абылқайрованың 3 «А» сыныбындағы Астана-центр современной архитектуры тақырыбындағы сабағы «Zoom» платформасымен өткізілгенін, сабақ барысында сабақ кезеңдері логикалық реттілікке ие екенін, оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білетінін айтты. Барлық пән мұғалімдерінің сабақтарына талдау жасай келе, орыс тілі пәні мұғалімдері оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларына баса назар аударуы қажет екенін айтты.

Ағылшын тілі пәні бірлесігінде 9 мұғалім жұмыс жасайтынын, мұғалімдердің санаты, еңбек өтілі туралы толық мәлімет бере келе, әр мұғалімнің сабағына жеке-жеке тоқтап, сабақ барысындағы анықталған жетістіктер мен кемшіліктерге тоқтады.

А.Ауғамбаеваның 3 «Ә» сыныбындағы сабағында оқушылардың белсенділігі жоғары екенін, мұғалім сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алғанын айтты. Мұғалімнің БЖБ, ТЖБ жұмыстары жүйесіз екенін, кейбір сыныптарда БЖБ жұмыстарының қорытындысы қойылмағанын айтып өтті.

Д.Т.Телгараевтың 9 желтоқсандағы 5 «В» сыныбымен өткен сабағында оқушылардың белсенділігі төмен екенін, мұғалім сабақтағы әдіс-тәсілдерді дұрыс алмағанын, мұғалімнің БЖБ, ТЖБ жұмыстары жүйеленбегенін айтты.

Т.Т.Тәжімбетовтің 15  желтоқсандағы 11 «Б» сыныбындағы ашық сабағы бір сарынды өтілгенін, оқушылапдың белсенділігі төмен екенін, жоспарланған жұмыстьар толық орындалмағанын мәлімдей отырып, мұғалім оқушылардың сөздерді дұрыс оқып, айтуына назар аударуы керек екенін айтты.

Ағылшын тілі пәні бірлестігінде М.Е.Бейсеудің БЖБ, ТЖБ жұмыстары талапқа сай екенін, қалған пән мұғалімдері БЖБ, ТЖБ жұмыстарын ретке келтіруін ескертті.

(Анықтама тіркелді)     

1.1. Жас мамандар мен тәлімгерлер жұмысы жүйелі жүргізілсін.

1.2. Барлық пән мұғалімдері БЖБ және ТЖБ жұмыстарының сапалы құрастырылуына көңіл бөлсін, бір жүйеге келтірілсін және қойылған бал күнделік кз-ке дер кезінде қойылсын.

1.3.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Жаксылыкова сабақ жоспарының сауатты жазылуына көңіл бөлсін.

Тыңдалды:

Қиын балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс барысы туралы ДҚІЖО: Б.Н.Шарипов  мәлімет берді.

9 «В» сынып оқушысы Кенжехан Ернар Қажымұханұлы 1 жыл ішінде екі рет қаңғыбастығы үшін 2.08.2019 жылдан бастап АПБ ЖПҚ ЮПБ профилактикалық тізімдік есепке алынғанын айтты. Оқу жылының басында оқушының психологиялық міңездері жазылып, психологиялық диагностикалық карталары толтырылғанын, мектеп өміріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыға педагогикалық және психологиялық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Ернардың әлеуметтік жағдайы төмен екеніне, ата-анасы сот шешімімен 2015 жылы ажырасқанына тоқтады. Ернар Тараз қаласында тұратын анасына қашып кетуіне байланысты Аса ауылдық округінің аппаратында ауыл әкімінің, білім бөлімі өкімінің, заң қызметкерлерінің, ақсақалдар алқасының, Ернардың ата-анасының қатысуымен жиналыс өткізілгенін айтып өтті. Содан бері тәртібі түзелгенін, сабаққа уақытында қатысқанын айтты.

(Анықтама тіркелді)     

2.1. 9 «В» сынып оқушысы Кенжехан Ернардың сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болсын.

Тыңдалды:

Күнделік кз электронлы журналының жүргізілуі барысы бойынша ДОІЖО: М.С.Айтуарова мәлімет жасады.

Күнделік кз электронды журналының мұғалімге артылар күшті жеңілдететінін, қазіргі таңда даярлық топтағылар да күнделік кз-ке өткенін айтты. Алайда күнделік кз-ті уақытында толтырылмай, өз жұмыстарына салғырт қарайтын мұғалімдер баршылық екенін айтып өтті. Осындай мұғалімдердің әсерінен статистика бойынша пайыздың төмендеуіне әкеп соққанын айтты. Д.Н.Жумадилов, О.Ә.Қалдыбай , П.С.Асқарова, А.Бегашева сияқты мұғалімдер  мүлде журнал толтырмайды деуге болатынын айта келеғ ескерту нәтижесінде Д.Н.Жумадилов пен О.Ә.Қалдыбай өз қателіктерін жөндегенін айтып өтті. Г.С.Асқарова, А.Бегалиева әлі де салғырттық танытып жүргеніне тоқтады.

(Анықтама тіркелді)

3.1.Жұмыстарына салғырт қараған, журналды уақытында толтырмаған Г.С.Асқарова мен А.Бегашеваға ескерту берілсін, тәртіптік шара қолданылсын.

         Тыңдалды:

Патриоттық тәрбие жұмысының барысы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Қапалбаева баяндады.

2020-2021 оқу жылында №1 орта мектепте Қазақстандық 60 патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айынан бері атқарылып жатқан іс-шараларға жеке-жеке тоқтады.

Қараша айының 18-30-ы аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналғ-ан іс-шаралар онлайн форматта өткенін айтты. Мектеп кітапханашылары «Кемеңгер Елбасы» тақырыбында арнайы бұрыш ұйымдастырса, 10 «Б» сыныбы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында, 7 «Б» сыныбы «Ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын Zoom платформасымен жоғары деңгейде өткенін айтып өтті.

Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай барлық сыныптарда ашық тәрбиелік сағаттары онлайн түрде өткізілгенін, кейбір сыныптардың дайындаған бейнебаяндары әлеуметтік желілерге жарияланғанын айтты.

(Анықтама тіркелді)

4.1.Сынып жетекшілері оқушы бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында жұмыстарын жандандырсын.

4.2.Оқушылар арасында зияткерлік сайыстар ұйымдастырылуы сынып жетекшілер тарапынан басшылыққа алынсын.

Тыңдалды:

Кәсіби бағдар бойынша мектеп психологы: А.Ғ.Мауленова мәлімет берді.

№1 орта мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілгенін айтты. Жоспар бойынша атқарылған іс-шараларға тоқтады.

11-сыныптар арасында Б.Б.Жамансариевтың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау-ертеңінді ойлау» тақырыбында онлайн тренинг өткенін, мектеп психологы А.Ғ.Мауленованың ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында онлайн түрде тренинг презентация өткізіліп, оқушыларға ватсап желісі арқылы таратылғанын айтып өтті.

Қарашаның екісінде 9-11-сынып оқушыларымен «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында Zoom платформасы арқылы пікірталас өткізілгенін, пікірталастың мақсаты, қатысушылары  туралы толық мәлімет бере келе, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізетінін айтты.

(Анықтама тіркелді)

5.1. Оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстар жалғасын тапсын.

Тыңдалды:

Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары туралы ДОІЖО: М.С.Айтуарова баяндады.

2020-2021 оқу жылында 1 орта мектепте 11-сынып оқушылары 49 оқушы екенін айтып, әр сыныптағы оқушылардың таңдау пәндері және шығармашылықты таңдаған оқушылар туралы түгел мәлімет берді.

Қарашаның  16-сында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларынан тест алынғанын айтып, тест нәтижесінің төмен болуына байланысты  11-сынып оқушыларымен де, ата-аналарымен де қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жиналыс өткенін айтып өтті. Тест нәтижелерінің төмен болуына байланысты «Үздік куәлікке» ұсынылып отырған Д.Мамирова, А.Абдиева, А. Райымбердиева, С. Төлен сияқты оқушылар «Үздік куәлікке» ұсынылмауы мүмкін екеніне тоқтап өтті.

Желтоқсан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе, Алгебра және анализ бастамаларынан бақылау жұмысы, орыс тілі пәнінен 40 сұрақтан тұратын тест жұмысы. Қазақстан тарихынан тест жұмысы, таңдау пәндерінен де тест жұмыстары алынғанын айтып, барлық пәндердің нәтижесіне сараптама жасады. Таңдау пәндерінен алынған тест нәтижесі бойынша білім сапасын төмен көрсеткен пәндер:

1. Химия-білім сапасы-0%, үлгерімі-78%

2. География-білім сапасы-25%, үлгерім-100%

3. Дүниежүзі тарихы-білім сапасы-25%, үлгерім-100%

4. Биология-44%, үлгерім-100% 

(Анықтама тіркелді)

6.1. Төмен білім сапасын көрсеткен химия, дүниежүзі тарихы пәндерінің мұғалімдері дайындық жұмыстарын жандандырсын.

6.2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері эссе жазу барысында оқушылардан анықталған кемшіліктерді түзетсін, жоспарлы қосымша сабақтар ұйымдастырсын.

Тыңдалды:

Дарынды оқушылармен жұмыс барысы туралы ДӘІЖО: Х.С.Жаманбаева баяндады.

2020-2021 оқу жылында дарында оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасалып, бекітілгенін айтты. Қыркүйек айынан бастап оқушылар онлайн режимде өткізілген байқауларға қатысып жүлделі алғанына тоқталды.

Қазан айында өтетін «Шерхан оқулары» байқауында «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Е.Мәди І-орын алғанынын, «Зау тұлға» бағыты бойынша 11 «Ә» сынып оқушысы Д.Мейранбек ІІІ-орынға ие болғанын айтты. 10-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өтілген Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадаға биология, химия пәндері бойынша қатысып, ІІІ-орындарға ие болғанын айтып өтті. Ғылыми жоба, зерде байқауларына оқушылардың жұмыстары қатыстырылғанын, бірақ оқушылар орын алмағанын айта келе, мұғалімдердің дарынды оқушылармен жұмыс жасауы   жеткілікті деңгейде емес екенін айтып өтті.

(Анықтама тіркелді)

7.1. Пән мұғалімдері оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, байқауларға, зияткерлік ойындарға қатыстырсын.

7.2. Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына көңіл бөлінсін.





Директор жанындағы мәжіліс шешім етеді:


1.Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілдері пәндері бірлестігінің айлығы, пәндердің жүргізілу деңгейін зерделеу қорытындысы «қанағатттанарлық» деп табылсын.

Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілдері пәндері бірлестіктеріндегі жас мамандарға тәлімгерлер тарапынан әдістемелік көмек көрсетілсін. Жас мамандар мен  тәлімгерлер жұмысын бақылау ДӘІЖО: Х.С.Жаманбаеваға міндеттелсін.

2. 9 «В» сынып оқушысы Кенжехан Ернар Қажымұқанұлы мектеп әкімшілігінің және сынып жетекшісінің бақылауында бослын.

3. Күнделік кз электронды журналды уақытында толтырмай, жұмыстарына салғырт қараған Г.С.Асқарова мен А.Бегалиеваға тәртіптік шара қолданылсын.

4. Патриоттық тәрбие жұмысының барысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.

Оқушы бойында патриоттық тәрбиені нығайта түсу үшін сынып жетекшілері жұмыстарын жандандырсын.

5, Кәсіби бағдар беру бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылсын, маңызды ақпараттар насихатталсын.

ДТІЖО: М.К.Қапалбаева сынып жетекшілерімен байланыс жасай отырып, нәтижелі жұмыстар көрсетсін.

6. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жандандырылсын.

Төмен білім сапасын көрсеткен химия, дүниежүзі тарихы пән мұғалімдері оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жоспарлы қосымша сабақтар ұйымдастырсын.

7. Пән мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс барысы жандандырылсын.




                 Мектеп директоры:                           Валиев Б.А.

       Хатшысы:                                        Аханшаева А.Т