"Мамандығым-мақтанышым" -жас мамандар апталығы
2020 жыл, 24-28 ақпан аралығында мектебімізде «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында жас мамандар апталығы болып өтті. Іс-шара мақсаты жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру, өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау,инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру болды. Апталық аясында жас педагогтар ашық сабақтар шеруін көрсетті. Жастар бір-бірінің сабақтарына қатысып, сабаққа талдау жасап, сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын анықтай білді. Сонымен қатар апталық барысында «Білімді жастар-ел болашағы» тақырыбында интеллектуалдық ойынға қатысып, ұшқыр ойларын көрсете білді, «101 әдіс, 1001 тәсіл» тақырыбындағы коучингке қатысып әдістемелік қоржындарын толтырып қайтты. Апталық жұмысы өз дәрежесінде өтілді.

